ТҮРКІСТАН: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» байқауы өтті

0
418

«Балалар жылына» орай ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» байқауы өтті

Жетісайда «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты облыстық-аймақтық байқау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Білім беруді дамыту орталығы" мен Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің, Жетісай ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің жылдық жоспарына сәйкес, жазушы Б.Сүлейменов білім алған Кенесары хан атындағы №62 жалпы орта мектебінде «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты облыстық-аймақтық байқау өтті.


«Балалар жылына» орай ұйымдастырылған бұл байқауда балалар жазушысы Бейсенбай Сүлейменовтің шығармалары кеңінен таныстырылды. Мақсат – оқушылардың шығармашылық қабілетін және танымдық қызығушылығын арттыру.


Байқауға Жетісай, Мақтаарал, Келес, Шардара, Сарыағаш аудандарындағымектептердің 4-сынып оқушылары қатысты. Ережеге сәйкес, қатысушылар жазушы шығармаларынан 3 бағыт бойынша тапсырмалар орындады. Қазылар алқасы берілген критерийлерге сәйкес жеңімпаз оқушыларды анықтады.


Атап өтсек, бас жүлде Жетісай ауданының Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебінің оқушысы Төрегелді Меруертке бұйырса, бірінші орынды Мақтаарал ауданының Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Полат Інжу еншіледі. Екінші орынды Шардара ауданының Ж.Жабаев атындағы №2 жалпы орта мектебінің оқушысы Оразбай Айдын мен Мақтаарал ауданының «Береке» жалпы орта мектебінің оқушысы Құрал Әдемі өзара бөлісті. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданының №10 Қ.Сәтпаев атындағы М.И.Г оқушысы Қуандық Ахат, Мақтаарал ауданының «Мырзакент» мектеп-гимназиясының оқушысы Туробек Кәусар мен Келес ауданының №28 «Мақташы» жалпы орта мектебінің оқушысы Анарбай Іңкәр үшінші орынға лайық деп саналды.


Аталған іс-шараға балалар жазушы Бейсенбай Сүлейменов және Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Т.Мирзалиев қатысты. Олар байқауға қатысқан балалардың өнерлеріне, шығармашылық жұмыстарына өз ризашылықтарын білдірді. Жазушы Б.Сүлейменовбүгінгі шараның жоғары деңгейде өткендігін айтып, алғысын білдіріп, кітаптарын сыйға тартты.


Ал, Жетісай ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Спарханов демеушілік жасап, марапаттау рәсімінде жүлделі орын алған оқушыларға арнайы сыйлықтар табыс етті.