Түркістанда қыз-келіншектер марапатталды

0
273

Іс-шараның шымылдығы “Ана” әнімен бастау алып, көрерменнің көңілі шаттыққа кенелді.


Түркістанда қыз-келіншектер марапатталды

Түркістанда аяулы жандар марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған іс-шара өтті. Нәзік жандыларды қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков шуақты мерекемен құттықтады.


Іс-шараның шымылдығы “Ана” әнімен бастау алып, көрерменнің көңілі шаттыққа кенелді.


Басқосуда алғы сөз алған шаһар басшысы түрлі салада еңбегімен ерекшеленген аруларға мерекелік құттықтауын жеткізді.


“Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен орталығымыздың мерейінің үстем болуында да ардақты аналарымыз бен аруларымыздың еселі еңбегі мен үлесі бар. Аналарымызға, аруларымызға күнде алғысымызды білдірсек те көптік етпейді”, - деді шаһар басшысы өз сөзінде.


Қазаққа Бекзаттай перзент сыйлаған Сырлыкул Шойбекова сөз алып, қыз-келіншектерге аналық батасын берді. Сонымен бірге қалалық “Әйелдер кеңесінің” төрайымы Ұлжан Мұстафаева, ардагер журналист Балтакүл Оспанова әйелдердің орны қоғамда зор екендігіне тоқталып, жиынға қатысушыларға мерекелік жылы лебізін арнады.


Шара соңында аяулы аруларға қала әкімінің мерекелік сый-сияпаты табысталды.