Түркістанда М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай іс-шара өтті

0
776

«Балалар мен жасөспірімдер орталығының» оқушылары кеш қонақтарын тәнті етті.


Түркістанда М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай іс-шара өтті

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай патриоттық еске алу кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай патриоттық еске алу кеші өтті.


«Мағжан – сыршыл ақын» тақырыбын арқау еткен әдеби жиынға филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Бақыт пен Т.Көшенова, сонымен қатар Мағжан Жұмабаев атындағы №15 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Умбеталиева арнайы спикер ретінде қатысты.


Оқырмандар арасында поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және патриоттық сезімдерін қалыптастыруды негізгі мақсат еткен шара барысында «Балалар мен жасөспірімдер орталығының» оқушылары кеш қонақтарын тәнті етті. Олар қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың поэзияларынан үзінді оқыды.


Әдеби шара соңында мектеп оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарына, балалар мен жасөспірімдер орталығының Көркем сөз үйірмесінің және Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп оқушыларына арнайы кітапша мен кітапхана директоры атынан алғыс хат табысталды.