Түркістандық ауылдар мемлекеттік бағдарлама аясында көркейіп жатыр

0
662

Әкім мердігерлердің кемшілігін байқап, қатаң бақылауға алуды тапсырды.


Түркістандық ауылдар мемлекеттік бағдарлама аясында көркейіп жатыр

Келес ауданында көшелер жөнделіп, ауылдар көркейіп келеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округінде биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 12 көше жөндеуден өткізілуде. Оған қоса аталған бағдарлама аясында көше бойларын абаттандыру, яғни аяқ жол, түнгі жарық шамдары және суағарлар қойылып жатыр.

Осы орайда Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті сала мамандарымен аталған ауылдық округтің орталығы Қызыләскер елді мекенінде болып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын бақылады. Іскерлік сапар барысында, бірқатар жұмыстар көңіл көншітпейтіні мәлім болды. Атап айтқанда, аудан басшысы көшелерге төселген асфальт жабындысының сапасы төмендігін байқап, тиісті сала басшысына жолдың сапасына бақылау жүргізетін облыстық "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" мекемесін шақыртып, тексеру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Егер кемшілік расталса, мердігер мекеменің тиісті жауапкершілігін қарауын айтты.

Сондай-ақ елді мекен аумағын аралау барысында ауыл ақсақалдарымен кездесіп, істелініп жатқан жұмыстарды ортаға салып ақылдасып, болашақта атқарылып жатқан жұмыстар ел игілігіне ұзақ уақыт қызмет ету үшін бірлесіп, кеңестерін аямауға шақырды.

Ақтөбе ауылдық округі Қызыләскер елді мекенінен өтетін Республикалық А-15 трассасының солтүстік жағы, осы күнге дейін Бірлік ауылдық округінің аумағына кірген. Сол аймаққа үйлер салынып, дүйім елге айналғанын ескеріп, халықты әкімшілік орталығы шалғай Бірлік елді мекеніне сабылтпау үшін, үстіміздегі жылы аталған жер телімін Ақтөбе ауылдық округінің Қызыләскер елді мекеніне қосу жұмыстары іске асырылуда.

Сол аумаққа да жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда жөндеу жұмыстарына көшенің бір сызық бойына орналаспауы, оған себеп құжатсыз үйлер жол жиегіне шығып кеткені анықталып, аудан басшысы тиісті құжаттандыру жұмыстарын зертеп, көмек беретін тұсы болса көмектесіп, көше бойын реттеуді ауыл әкіміне тапсырды.