Түркістандық оқушылардың ғылыми жобалары сараланды

0
700

«Ахмет Байтұрсынов – ұлтымыздың ұлы ұстазы».


Түркістандық оқушылардың ғылыми жобалары сараланды

Түркістан облысында «Ахмет Байтұрсынов – ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты облыстық ғылыми жобалар байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Халықаралық туризм және меймандостық университетінде» жас жеткіншектердің тіл білімінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың ұлт үшін сіңірген еңбектерін зерделеп, ғылыми көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынов – ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты облыстық ғылыми жобалар байқауы өтті.


Байқау барысында жас зерттеушілер, тұлғаның ақындық қырына, тіл-әдебиет ғылымына қосқан өлшеусіз еңбегіне, ұлтым деп соққан жүрегінің лүпілін түйсінуге жетелеу мақсатында А.Байтұрсыновтың ақындық әлемі; А.Байтұрсынов және қазақ әдебиеті; А.Байтұрсынов – қоғам қайраткері атты 3 бағытта ғылыми жобаларын ұсынған.


Байқауға 15 аудандық және 9 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы 62 оқушы қатысты.