Түркістандық үш мекеме Астанада арнайы марапатталды

0
543

Нәтижесінде белгі иегерлері Kazakh Tourism ресурстарында тегін жарнамалауға мүмкіндік алады.


Түркістандық үш мекеме Астанада арнайы марапатталды

Астанада түркістандық үш бірдей туристік мекеме арнайы марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Астана қаласында өткен іс-шарада Түркістан облысының үш бірдей туристік қызмет көрсету ұйымы «Сапа белгісі» бағдарламасы талаптарына сай келгені үшін ерекшелік белгісімен марапатталды. Атап айтқанда, «Rixos Turkistan» қонақ үйі, «Top Tobe Grand Hall» кешені және «Turan Tour» ЖК туризм индустриясындағы ерекше статус иегері атанды. Сондай-ақ Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының да мамандары арнайы алғыс хатқа ие болды. Салтанатты жиынға «Kazakh Tourism» ҰК АҚ-ның Басқарушы директоры Даниел Сержанұлы құттықтау сөз сөйлеп, марапаттарды табыстады.


Айта кетейік, «Сапа белгісі» бағдарламасы – 2021 жылдан бастап «Kazakh Tourism» ҰК АҚ бастамасымен бизнес субъектілері арасында туристік қызметтерді ынталандыру және ілгерілету, туристік өнімдерді дамыту, Қазақстанның туристік дестинация ретіндегі беделін жақсарту, туристердің жайлылығын, қауіпсіздігін және қызметтерге көңілі толуын қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған. Ол үшін стратегиялық бағдарламаның өзіндік стандарттары әзірленген. Орналастыру орындары, тамақтану пункттері, туроперпаторлар қатысуға өтініш жолдайды. Нәтижесінде белгі иегерлері Kazakh Tourism ресурстарында тегін жарнамалауға мүмкіндік алады.