ТҮРКСТАН: «Жергілікті бюджетті және стратегиялық құжаттарды жоспарлау» тақырыбында семинар өтті

0
407

Семинарда облыстық бюджет мысалында жергілікті бюджеттерді қалыптастыру алгоритмі айтылды.


ТҮРКСТАН: «Жергілікті бюджетті және стратегиялық құжаттарды жоспарлау» тақырыбында семинар өтті

Түркістан облысында «Жергілікті бюджетті және стратегиялық құжаттарды жоспарлау» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұйымдастыруымен аудан, қала әкімдіктерінің мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен «Жергілікті бюджетті және стратегиялық (өңірлік) құжаттарды жоспарлау» мәселесі бойынша оқыту семинары өткізілді.


Аталған семинарға Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, экономика саласына жетекшілік ететін аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, экономика бөлімдерінің басшылары, сектор меңгерушілері қатысты.


Семинарда облыстық бюджет мысалында жергілікті бюджеттерді қалыптастыру алгоритмі айтылды. Сондай-ақ жергілікті бюджет түсімдерін болжау әдістемесі түсіндірілді.


Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі» құжаттары бойынша түсіндірілді. Оның ішінде, облыстың Даму жоспарының орындалуы және ҚР ауылдық аймақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарга арналған тұжырымдамасындағы нысаналы индикаторлар туралы айтылды. Басқарма мамандары «Ауыл – Ел бесігі», «Дипломмен – ауылға» жобалары бойынша сұрақтарға жауап берді.