ҰҚК тағы бір жолы кесілген теракт туралы кеңінен мәлімдеді

0
798

Әлі өмір сүріп үлгермеген жастардың үйлерінде қайғы құшып, масқара болған ата-аналары, сондай-ақ жұбайлары мен балалары қалды.


ҰҚК тағы бір жолы кесілген теракт туралы кеңінен мәлімдеді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

¥ҚК тағы бір жол берілмеген теракт туралы айтып берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2018 жылдың соңында БАҚ-та ДАИШ халықаралық террорист Ұйымының үш ізбасарының қылмыстық топ қүрып, Жезқазғанда лаңкестік әрекетке дайындалғаны туралы ақпарат жарияланды.

Қазақстан ¥ҚК олардың әрекетінің жолын кесті. Бүгін ¥ҚК осы іс қүпиясының пердесін ашқандықтан, біз террорист топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операцияның егжей-тегжейлерімен бөлісеміз.

Қатысушылардың есімдері өзгертілді, өйткені олардың барлығы дерлік өздерінің діни көзқарастарын қайта қарады, қателіктерін мойындап, өз істеріне өкініш білдірді.

Террорист топтың болашақ басшысы Ерлан Қуандықов отбасыльіқ жағдайлар салдарынан ЖОО-ны екінші курста тастап, «Оңтүстік астанада» кездейсоқ табыспен күн кешіп жүрген еді. Жүмыстан кезекті рет шығып қалғаннан кейін, ол Жамбыл облысындағы туған ауылына «өзін-өзі табу» үшін келіп, сол жерде өзінің досы - күмәнді дін - жалған салафизмді жақтаушының діни ықпалына түседі.

Одан әрі, ұйытқыған қардай үйіле өсіп келе жатқан өзінің діни және ақпараттық шөлін қанағаттандыруға тырысып, Қуандықов дінді белсенді түрде зерттей бастайды. Алайда ол ақпаратты имамдардан немесе мүсылман діндарларының ресми сайттарынан емес, радикалды және экстремист сипаттағы материалдары бар әлеуметтік желілердің парақшаларынан алған еді. Дәл солардан ол қасиетті ислам жазбаларын бүрмалаған түсіндірмелерді бойына сіңірді.

Өмірлік келешегінің, табыс көзінің болмауы, сондай-ақ өзі мойнында отырған туыстары тарапынан жиілеген қорлық аясында Қуандықов 2016 жылы жағдайды ауыстыруға - халық тұтынатын тауарлар сату саласында бизнес ашу үшін Жезқазғанға көшуге шешім қабылдайды. Жезқазғанда ол отау қүрып, отбасылық өмірге енеді, бірақ Сириядағы бейбіт тұрғындарға қарсы қатыгез террористерді көруін жалғастыра береді.

Радикалды интернет-насихат аясында Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террорист ұйымына жан-тәнімен қолдау көрсете бастайды. Ол «мұсылман жауларына» қарсы соғысып, «шахид» болуды армандады. Алайда Қуандықовтың Сирияға кетуге қаржылай мүмкіндігі болмады.

Одан басқа, сол кезеңде әлеуметтік желілерде шетелдік террористер ДАИШ жетекшісі әл-Бағдадидің «амалдар» - жер-жерлерде террористік шабуылдар жасауға шақырған роликтерін белсенді түрде тарата бастаған болатын. Осы үндеу Қуандықовты Жезқазғанда шабуыл жасау үшін бір дінді ұстанушылар тобын қалай да құру шешіміне итермеледі. Ол өз ниетін іске асыру үшін өзі сияқты интернет арқылы радикалданған жергілікті тұрғындар Берік Асенов пен Жәкен Ақмоловты тартты, олармен қалалық қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінде «ауыз ашарда» танысқан. Олардың радикалды сенімдерінің сәйкестігі, күнделікті проблемаларының ортақтығы оларға тез арада «бауырластық» қарым-қатынас орнатуға көмектесті.

Осыдан кейін олар терактіге дайындалып, сонымен бір мезгілде жақын адамдар арасында экстремизмді насихаттай бастады. Пәтерін топ мүшелері жиындарын өткізу және қылмыстық ниеттерін талқылау үшін жиі пайдаланатын Ақмоловпен бір аулада түрған қаланың жасөспірімдері үгіт-насихат объектілеріне айналды. Өршіл Ақмолов топ идеологы ролін өзіне алды және өзінің беделі мен өзінше оқымыстылығын пайдалана отырып, серіктестерін жоспарланған іс-әрекеттерінің дұрыстығына сендірді, астыртын әрекет ету әдістерін үйретті.

Ton жетекшілері Қуандықов пен Ақмоловтың пайдакүнемдік себептері де болды - олар банданың әрбір жаңа мүшесін өз жоспарларын қаржыландыру көзі ретінде қарастырды. Қару сатып алу сылтауымен екеуі де жас діндарларды тұтынушылық несие алуға көндірді. Алынған қаражаттың бір бөлігін өздеріне - ортақ іс үшін қажет деген желеумен смартфондар сатып алуға, тұрмыстық шығыстарды төлеуге жүмсады. Қуандықов пен Ақмолов несиені қайтарудың қажеті жоқ, өйткені теракт кезінде топтың барлық мүшелері жүмаққа кіреді деп сендірді. Осылайша, 2018 жылдың маусымына қарай Қуандықов, Ақмолов және Асеновтан бөлек, топқа тағы үш жаңадан шақырылушы кірді, олар кейіннен қылмыстық іс бойынша басты куәгер болады. Қуандықов пен оның компаниясы жиі кездесулерге көшті, ДАИШ-тың үгіт-насихат роликтерін көріп, Сирия мен Ирактағы оқиғаларды, сондай-ақ Қазақстандағы болашақ шабуылдарын талқылады. Содырлардың бейбіт тұрғындарды өлім жазасына кесу көріністері ерекше танымалдыққа ие болды.

Сол кезеңде Ұлттық қауіпсіздік комитеті олармен қатар тағы бір террорист топты зерттеуді жүргізді, оған қатысушылар Жезқазған және жақын маңдағы Сәтпаев қалаларында ұсталды. Қуандықовтың тобы бұл жаңалықты жеке қорлау деп қабылдады. Жерлестердің табандылығы оларды жігерлендіріп, террорлық шабуыл жасау ниетін нығайтты. Шамалы ойланғаннан кейін қаскөйлер бірінші кезекте қала түрғындарын қорғаушыларынан айыру үшін полиция қызметкерлерін жойып, одан кейін бейбіт түрғындарға қарсы шабуылдар ұйымдастыруға шешім қабылдады.

Қуандықов өзінің діндестерін жинап, полиция қызметкерлерін жеке өзі өлтіруді жоспарлап отырғанын салқын түрде мәлімдеді. Ол топтың басқа қатысушыларына олардың екінші кезектегі рольдерін белгілеп беретінін айтты. Қуандықовтың шешімі Ақмоловты алаңдатып, осыған байланысты ол «жамағат» жиынын өткізу үшін өз пәтерін Ұсынуды жалғастырғанымен, күтпеген жерден қылмысқа қатысудан бас тартты. Кезекті кездесу Қуандықовтың топ мүшелеріне деген қатты қысымымен өтті. Жетекші қызба мінезіне байланысты басқа мүшелердің енжарлығына және Ақмоловтың қорқақтығына ашуланды. Қуандықов полицейлерге шабуыл жасау жоспарын іске асыруға тезірек кірісуге шақырды. Топтың қылмыстық белсенділігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады, олардың әрекеттерін тіркеп, объектілердің қылмысқа қатысы бар екендігінің кең дәлелдерін жинады.

Шабуылдың нақты қаупін ескере отырып, арнаулы қызметтер күдіктілердің қару сатып алуын күтіп отыра алмады, өйткені бүл жағдайда ахуалды бақылаудан шығарып алу қаупі жоғары болды. Сонымен қатар топ мүшелерінің қару қолданбай, қолға түскен құралдардың және, тіпті, автомобильдердің көмегімен, мысалы, 2016 жылы Ницца, 2017 жылы Лондон және Стокгольм көшелерінде террористер шабуыл жасағандай террористік шабуыл жасауы мүмкін екендігі ескерілді. 2018 жылғы 23 қарашада арнаулы қызметтер топтың 5 мүшесін ұстады.

Жиналған дәлелдер олардың әрекеттерін террористік сипаттағы қылмыстар ретінде анықтау үшін жеткілікті болды, Жасалған қылмыстың ауырлығының жиынтығы бойынша, террорист топ құрғаны, терроризмді насихаттағаны және теракт дайындағаны үшін Ерлан Қуандықовты 12 жылға, оның сыбайластары Берік Асеновті - 9, ал Жәкен Ақмоловты - 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды.

Тергеу және сот барысында ұсталған барлық айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, қылмыс жасағаны үшін өкініштерін білдірді. Бірақ болған нәрсені артқа қайтара алмайсың, әрекеті үшін жауап беруі керек. Әлі өмір сүріп үлгермеген жастардың үйлерінде қайғы құшып, масқара болған ата-аналары, сондай-ақ жұбайлары мен балалары қалды.