БАУ-БАҚША құпиялары: Болгар бұрышы да "ауырады"

0
3 084

Барлық аурудың басты себебі – егу мен күтімнің дұрыс болмауынан.


БАУ-БАҚША құпиялары: Болгар бұрышы да

Негізі болгар бұрышы ауруға көп шалдыға бермейтін көкөністердің бірі. Алайда оның да кейде дәл пісіп, өнімді жинап алатын уақытында қарайып, бар еңбекті зая кетіретін кездері болады. Өнімнен айрылып қалмау үшін болгар бұрышының қандай аурулары болатыны, белгілері және онымен қалай күресу, емдеу жолдары туралы білген жөн.


Болгар бұрышы ауруларының түрлері

  • Саңырауқұлақ
  • Вирусты
  • Бактериалды

Барлық аурудың басты себебі – егу мен күтімнің дұрыс болмауы. Тағы бір себеп – қоректендірудің жүргізілмеуі. Құнарлы элементтердің жетіспеуі де ауру тудырады.


Саңырауқұлақ ауруы

Бұл болгар бұрышымен өзге де көкөністер арасында кеңінен тараған аурудың бірі. Бұл ауру желмен, әртүрлі жәндіктер арқылы тез тарайды. Сондай-ақ топырақта ұзақ уақытқа дейін сақталады және қолайлы уақытта көбейіп, өсімдікті зақымдайды.


Бактериалды аурулар

Бұл ауруды анықтау қиын. Себебі белгілері өзге ауруларға өте ұқсас келеді. Аурудың таратушы көзі – жәндіктер. Бұл аурудан өсімдікте күйік шалғандай әр жерден қара дақтар пайда болады.


Вирусты аурулар

Вирусты ауруды тарататынбасты жәндік – тля. Бұл ауру өсімдіктер арасында жиі кездеседі және ол өте үлкен қауіп тудырады.

Ару жұқтырған өсімдіктің пішіні өзгереді, өсуі қиындайды.


Болгар бұрышы өнімінің қараю себептері

Көп жағдайда өсімдіктер аурудың кесірінен қараяды. Ал кей жағдайларда температураның бірден өзгеруінен және жәндіктердің кесірінен болады. Қара дақтар тек қана өнімде ғана емес, жапырақтарда да көрініс береді. Қара дақтармен күресу үшін алдымен оның неден пайда болғанын анықтап алған жөн.

Ыстық ауа-райы мен қатты жаңбырдан кейін саңырауқұлақ ауруы белең алады. Өнім мен жапырақтарда қара дақтар пайда болады. Ол дақтар өнім арқылы өсімдік сабағына да өтеді. Бұл қсімдіктің толықтай шіріп кетуіне алып келеді.


Фитофтороз ауруы

Фитофтороз - саңырауқұлақтар қоздыратын өсімдік ауруының бірі. Ол болгар бұрышына қызанақ пен картоптан жұғуы мүмкін. Оның негізгі белгілері:

  • Сабақ пен жапырақ, өнімдегі қара дақтар;
  • Қара қоңыр және қара түсті, жиегі ақшыл дақтар.

Мұндай зақымдану көбіне шілде мен қыркүйек айының арасында болады.

Фитофтора температураның бірден өзгеруіненжәне жоғары ылғалдан және салқын сумен суғару салдарынан да орын алады.


Фузариоз ауруы

Бұл да саңырауқұлақ тудыратын өсімдік ауруы. Бұл ауру өсімдік түйнектей бастаған кезде басталады. Белгілері:

  • Үнемі және дұрыс суғарылса да өсімдіктің жоғарғы жапырақтары сарғайып, сола бастайды;
  • Жұмсақ алқызыл түсті қақ пайда болады;
  • Солғын тартқан жапырақтар уақыт өте ашық қоңыр түске енеді;


Төбе шірігі (Вершинная гниль)

Бұл ауру өсімдіктерде кальций жетіспеушілігінен немесе азоттың шектен тыс көп берілуінен орын алады. Сондай-ақ дұрыс суғармаған жағдайда да ауру пайда болады. Белгілері:

  • Алдымен өнімде жартылай мөлдір түсті аймақ пайда бола бастайды. Уақыт өте ол жер кеуіп қара қоңыр түске енеді.

Болгар бұрышы температураның бірден өзгеруін, салқын ауаны көтермейді. Салқын ауа-райында топырақтан қажетті элементтерді ала алмайды.


Өрмек кене

Болгар бұрышының қараюына себеп болатын тағы бір жайт – өрмек кене. Ол ауа-райы қатты ылғалды немесе қатты ыстық, қапырық болған кезде белсенді түрде тарай бастайды.

Егер өсімдікті өрмек кене басатын болса, онда:

  • Алдымен майда қара нүктелер пайда болып, кейін олар үлкейіп қара даққа айналады;
  • Өсімдіктің сабағы мен жапырақтары шатасады;


Аурумен күресу жолдары

Бактериалды аурулар көп ретте емделмейді. Ауырған өсімдікті қазып алып тастап, өнімінің көзін жойған дұрыс.

Ал кей жағдайларда химиялық құралдардың көмегімен ауруды тоқтатуға болады. Ол үшін бірнеше мәрте «Кумулус», «Тиовит Джет» секілді дәрілерді шашу керек.

Фитофтороз кезінде жүйектерді «Гамайром», «Фитоспорин-М» дәрілерімен суғарған жөн. Ал төбе шірігі кезінде калций хлоры және азотқышқылымен қоректендірген дұрыс.

Сонымен қатар:

  • Суғаруды азайту
  • Топырақта артық ылғал болса, құм, белсендірілген көмір немесе күл себу
  • Зақымданған өсімдіктерді жою
  • Топырақты қопсыту

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:Ас бөлмеге бояу жаққан дұрыс


Ұқсас материалдар: Бақшадағы арамшөпті тұзбен кетіруге болады