1м 83 см: 40 жыл бойы шашын жумаған және қимаған ер адам табылды (видео)

0
1 225

Ер адам шашы ластанбас үшін, бұрымын тюрбан сияқты орап, матамен байлап қояды екен.


1м 83 см: 40 жыл бойы шашын жумаған және қимаған ер адам табылды (видео)

ERNUR.KZ. Үндістанда 40 жылдан бері шашын кеспек түгілі, жумаған 63 жастағы Сакал Дев Тудду есімді ер адам тұрады. Ол оралған шаштарын Шива құдайдың батасы деп санайды, деп жазады sn.kz.

Бір күні Сакал ұйқысынан оянып, шашының бір-бірінен ажырамай қалғанын түсінді.

Алайда, бұл оны ренжіткен жоқ, керісінше - ол шаштарын үнді құдайы Шиваның батасы деп санап, соңғы 40 жыл ішінде шаштарын кеспек түгілі, жууды қажет деп таппаған.

Қазір Сакалдың шашының ұзындығы 1 м 83 см. Ер адам шашы ластанбас үшін, бұрымын тюрбан сияқты орап, матамен байлап қояды екен.

Сакал Дев Тудду шашын ғана керемет деп есептемейді, ол өзін әулие-емші деп санайды. Алыс-жақын маңдағы адамдардың бәрі оның тамаша емші екеніне сенімді.