«Ауруханада орын жоқ»: Пневмониямен ауырған науқас волонтерлардың қолында қайтыс болды

0
680

Елде коронавирустан 785 адам көз жұмған.


«Ауруханада орын жоқ»: Пневмониямен ауырған науқас волонтерлардың қолында қайтыс болды

фото кадрдан скринделген

ERNUR.KZ. Бішкекте пневмониямен ауырған науқасты ауруханалар қабылдамай, салдарынан ол ерікті жастардың қолында қайтыс болды. Оқиға кезінде және оқиғадан кейін түсірілген видеоролик әлеуметтік желілерде қызу талқылануда деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Видеороликтен жап-жас алты адамның демігіп жатқан ер адамға көмектескісі келгенін, оны сөзбен жұбатып жатқанын аңғаруға болады. Алайда, ауа жетпеген науқас ақыры қайтыс болып кеткен. Оған көмек бере алмаған бойжеткен ұзақ уақыт өзіне келе алмады.

«Мен оны Ак-Орго жақтан алып келе жаттым, жолда демігіп ауа жетпей кетті, сосын өзінің өлетінін, қызына оны қатты жақсы көретінін айтуымызды сұрады. Ауруханада оны орын жоқ деп қабылдамады, тіпті, ауыр жағдайын көре тұра оттегі аппаратына да қосқан жоқ», - деді көз жасын тыя алмаған қыз.


Қырғызстанда 23 783 адам коронавирус жұқтырса, 785 адам қайтыс болған.