Берлинде карантинге қарсы болған тұрғындар алаңға шықты

0
635

Полиция алаңға шыққандарды су шашып және көзден жас ағызатын газды қолданып таратпақ болды.


Берлинде карантинге қарсы болған тұрғындар алаңға шықты

ERNUR.KZ. Шектеу шараларына қарсы болған 10 мыңға жуық адам Берлиннің орталығына жиналды, деп жазады ҚазАқпарат.

18 қараша Берлинде коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеулерге, сондай-ақ вакцинациялауға қарсы 10 мыңға жуық адам алаңға шықты. Алаңға шығушыларлың тәртібін бақылауға 2 мыңға жуық полиция тартылды.

Алаңға шыққандардың көпшілігі маска кимей, әлеуметтік ара қашықтықты сақтамаған. Полиция оларға ескерту жасады.

Алайда қатысушылар нұсқауларды орындамаған. Полиция алаңға шыққандарды су шашып және көзден жас ағызатын газды қолданып таратпақ болды.