Дәрігерлер белдің қандай өлшемі адамға қауіп төндіретінін айтты

0
657

Мамандардың айтуынша, адамдары ең ұзақ өмір сүретін Жапонияда 40 жастантан асқандардың бел өлшемі қадағаланып отырады.


Дәрігерлер белдің қандай өлшемі адамға қауіп төндіретінін айтты

ERNUR.KZ. Ғалымдар жүрек-қан тамыры ауруы туралы белгі беретін белдің өлшемін атады, деп хабарлайды ktk.kz.

Бел өлшемінің үлкен болуы жүрек және қан тамыры сырқаты жайлы белгі береді, дейді мамандар. Мұндай сырқат мықыны 80 сантиметрден аспайтын әйелдер мен белінің өлшемі 94 сантиметрге жетпейтін ерлерде сирек кездеседі екен. Артық салмақтан бөлек, инфаркт және инсульт аз қимылдап, дұрыс тамақтанбау салдарынан да болуы мүмкін.

Бұл дерттердің алдын алу үшін күніне 500 грамм көкөніс пен жеміс жеу керек. Ал күн сайын пайдаланатын тұз мөлшерін 5 грамнан асырмаған жөн. Сондай-ақ, күніне жарты сағаттай спортпен шұғылдану қажет.

Мамандардың айтуынша, адамдары ең ұзақ өмір сүретін Жапонияда 40 жастантан асқандардың бел өлшемі қадағаланып отырады.

Ал Жаңа Зеландия азаматтығын алу үшін дене массасы индексінің анықтамасы қажет екен.

Бөлісу