Марк Цукерберг әлеуметтік желілердің құрбаны болған жасөспірімдердің ата-аналарынан кешірім сұрады

0
1 869

АҚШ Сенатындағы тыңдаулар кезінде балаларды интернетте сексуалдық мақсатта пайдаланудағы интернет-платформалардың ықпалы талқыланды.


Марк Цукерберг әлеуметтік желілердің құрбаны болған жасөспірімдердің ата-аналарынан кешірім сұрады

ERNUR.KZ. АҚШ Сенатында Meta коропорациясының басшысы Марк Цукербергті әлеуметтік желілердің ықпалынан зардап шеккен ата-аналардан кешірім сұрауға мәжбүрледі, деп жазады inform.kz.

АҚШ Сенатындағы тыңдаулар кезінде балаларды интернетте сексуалдық мақсатта пайдаланудағы интернет-платформалардың ықпалы талқыланды.

Сенатор Джош Хоули Цукербергке қарап: «Сіз, балалары әлеуметтік желінің құрбаны болған ата-аналардан кешірім сұрадыңыз ба»,-деп сұрады жиында.

Цукерберг ата-аналарға бұрылып қарап, кешірім сұрады және Meta компаниясының балаларға тигізер зиянын азайтуға барынша күш салатынын жеткізді.

Сенатор Хоули Цукербергті әлеуметтік желілердегі зиянды контенттер мен бір-бірінің ар-намысына тию әрекеттерін жоюға шақырды.