Өзбекстанда 11 дәрігер коронавирус жұқтырған

0
733

Қазіргі таңда Өзбекстанда індетпен ауырғандар саны 65 адамға жеткен.


Өзбекстанда 11 дәрігер коронавирус жұқтырған

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 65 адамның 11-і - Вирусология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиеев айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Медицина қаншалық дамыса да, мемлекет қанша қаражат бөлсе де, халық дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспаса, карантин ережесін сақтамаса, пандемиямен күресіп жатқан азаматтардың барлық шарасы босқа кетеді", - деді президент.

Сондай-ақ, Өзбекстан президенті елдегі жағдайға байланысты халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізбей, үндеу жасамаған өңір басшыларын сынға алды.

"Жергілікті телеарналар, газеттер мен журналдарда жұмыс дұрыс деңгейде атқарылмай жатыр", - деді ол.

Осыған байланысты президент облыс, аудан және қала басшыларына күні-түні жұмыс істеу керегін айтып, коронавирустың алдын алу үшін жұмыстар жүргізілу керегін ескертті.