Ресейде Ил-76 әскери ұшағы апатқа ұшырады (видео)

0
444

Ил-76 әскери-көлік ұшағының бортында 10 адамға дейін болғаны атап өтілді.


Ресейде Ил-76 әскери ұшағы апатқа ұшырады (видео)

ERNUR.KZ. Ресейде Иваново қаласының Солтүстік аэродромының маңында Ресей әскери-әуе күштерінің Ил әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады, деп жазады stan.kz.

Желіде тараған видеода аэродром бағытында ұшып бара жатқан ұшақтың қозғалтқышы өртеніп, ол күрт төмен түсіп, құлағаны көрсетілген.

Ил-76 әскери-көлік ұшағының бортында 10 адамға дейін болғаны атап өтілді.

Көптеген БАҚ мәлімдеуінше, сол кезде оқу-жаттығу рейсі жасалып жатқан. Ол "Северный" аэродромынан ұшып, бірнеше минут ауада болды. Бұрылыс кезінде ұшақтың қозғалтқышы өртеніп кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшқыш аэродромға жетуге әрекеттенген. Ақырында ұшақ зират маңындағы орман алқабына құлады.

Ресей қорғаныс министрлігі ұшақтың құлағанын растады.

"Әскери Ил-76 Иваново облысында апатқа ұшырады. Бортта сегіз экипаж мүшесі мен жеті жолаушы болған", – деп мәлімдеді министрлік.