Солтүстік Корея ядролық соққы жасау бойынша оқу-жаттығу өткізіп жатыр

0
379

Сондай-ақ Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяға қарсы тұратын әскери күштерін нығайта беретінін мәлімдеді.


Солтүстік Корея ядролық соққы жасау бойынша оқу-жаттығу өткізіп жатыр

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея алыстан шабуыл жасайтын қанатты екі зымырынмен тактикалық ядролық шабуылдың имитациясын өткізді. Бұл, елдің ядролық қаруға дайын екендігін көрсететін «жауларға ескерту». Бұл туралы жексенбі күні Корея орталық телеграф агенттігі жазды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мәлім етілгендей, сенбі күнгі оқу-жаттығу сәтті өтті: ядролық қарудың макеті бар екі қанатты зымыран Корей түбегіндегі Батыс теңізге қарай жіберіліп, көрсетілген 150 метр биікте 1500 шақырым (930 миль) ұшып өтті.

Сондай-ақ Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяға қарсы тұратын әскери күштерін нығайта беретінін мәлімдеді.

Сондай-ақ Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Пукчжундегі кеме қозғалтқышын шығаратын машина жасау кешеніне және оқ-дәрі өндіретін зауытқа барып, Пхеньянның әскери-теңіз күштерін нығайтудың маңызды екенін атап өтті.