Трамп қайта сайланса Украинадағы қақтығысты бір күнде шешетінін айтты

0
959

Трамп ол үшін «лауазым» керек екенін мәлім етті.


Трамп қайта сайланса Украинадағы қақтығысты бір күнде шешетінін айтты

ERNUR.KZ. АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп президент болып қайта сайланса, Украинадағы қақтығысты бір күннің ішінде шешетінін айтты, деп жазады baq.kz.

Трамп ол үшін «лауазым» керек екенін мәлім етті.

Жағдайды президент ретінде 24 сағатта шеше алатын едім. Мен мұны 24 сағаттың ішінде істейтін едім. Ол үшін президент болуым керек, өкілеттік және лауазым керек, - деді Трамп CNN-News18 телеарнасында.

Бұған дейін Трамп Флоридадағы өз жақтастарының митингісінде тағы бір сайлауалды уәдесін жариялаған болатын. Өз сөзінде Трамп «егер Мемлекет басшысы болып қайта сайлансам, Ресей басшысы Владимир Путинге және Украина президенті Владимир Зеленскийге «сол түні» қоңырау шаламын» деген еді.