Аязда көлік ОТАЛМАЙ қалса, НЕ ІСТЕУГЕ болады?

0
3 234


Аязда көлік ОТАЛМАЙ қалса, НЕ ІСТЕУГЕ болады?

Көптеген автокөлік жүргізушілері, әсіресе климаты қатал аймақтардың тұрғындары автомобиль қозғалтқышының аязда қаншалықты қиналып, не үшін оталмай қалатынын біледі. Көбіне бұл жағдай температура күрт өзгеріп, кешке термометр бағаны -10ºС-ты, ал таңертең -30ºС-ты көрсеткен кезде пайда болады. Мұндай мәселе көлікті суық гаражда немесе сыртта бірнеше күн қалдырған жағдайларда да туындайды.


Автокөліктің аязда оталмауының себептері

Көліктің аязда оталмауының негізгі себебі – аккумулятордың күйі. Ол 80% жағдайда жағымсыз жәйттің «себепкері» болады. Себебі, төмен температура энергияны тез «жейді». Бұл әсіресе ескі батареяларға қатысты, бірақ жаңаларында проблема болмайды деген сөз емес. Сонымен бірнеше белгі сізді әбігерге салған аккумулятор екеніне көз жеткізуге көмектеседі. Егер батарея толығымен таусылған болса, онда кілт бұралған кезде бақылау тақтасындағы белгілер жанбайды. Кез-келген дыбыстың болмауы батареяның қуаты таусылғанын көрсетеді.


Қозғалтқыштың аязда оталмауының жиі кездесетін екінші себебі – қыс маусымына арналмаған май. Ол толығымен тоңазып қалуы мүмкін. Сіз оны «зондпен» тексере аласыз: тоңазыған май ағып кетпей, жәй ғана созылады. Бұл жағдайда қозғалтқышты іске қосу өте қауіпті. Себебі, қозғалтқыштың құрғақ күйде жұмыс істеуі күрделі жөндеуге соқтырады.


Аязда қозғалтқыштың істен шығуының басқа да себептері

Аязда қозғалтқыштың іске қосылмауының басқа да себептері бар. Олардың бірі – бензин жану камерасына түспейді немесе өте аз түседі. Бұл жағдайда:

бензин сапасыз;

саптамалар лас;

бітелген жұқа немесе өрескел сүзгілер;

жанармай сорғысының жұмысындағы ақаулар;

жұмыс істемейтін РДТ (отын қысымын реттегіш);

іске қосу температурасы -30ºС төмен;

тұтану катушкаларының қанағаттанарлықсыз күйі;

токтың ағып кетуіне әкелетін жоғары вольтты сымдардың жарықтары болуы мүмкін.


Қозғалтқышты іске қосу ережелері

Бірнеше ереже қозғалтқышты аязда іске қосуға көмектеседі. Жұмысты батарея жинағын жылытудан бастау керек. Ол үшін 15 секундқа қысқа жарықты қосыңыз. Сондай-ақ, отынды сорғымен айдау керек. Содан кейін стартерді айналдыру 10 секундқа созылады. Егер сәтсіз болса, әрекетті 1-2 минут үзіліспен қайталау керек. Қозғалтқышты іске қосу үшін әдетте 4 айналдыру жеткілікті.

Қозғалтқышты іске қосу үшін үрлеу режимі де көмектеседі. Ол үшін кілтті бұрап, газ педальін еденге дейін басу керек. Сонда жаңадан отын бүрку болмайды және жану камераларына алдыңғы әрекеттерде жиналған отын үрлене бастайды.

Дизельді қозғалтқыштардың өзіндік іске қосу ерекшеліктері бар: оларды бірінші әрекетте оталдыру керек, ал стартерді іске қосылғанға дейін бұраңыз.

Қашықтан автоматты оталдыру қызметін қолдануға болмайды.

Егер аккумулятор қуаты отырса, оны басқа көліктің аккумуляторы арқылы оталдыруға болады.



Мамандардың қызметіне жүгіну керек пе?

Аязда көлік оталмай қалса, жүргізушілердің басында көптеген сұрақ пайда болады. Кейде автокөлік әуесқойлары «автокөлікті жылыту» қызметін пайдаланады. Бұл процедура қозғалтқыштың температурасын көтеру және оны іске қосу мақсатында қолданылады. Қызмет тым қымбат емес. Дегенмен, процесс әрқашан біркелкі жүре бермейді. Көбіне бұл қызмет түрі үшін мамандардың кәсіби құралдары мен тәжірибесі жеткіліксіз болады.


Аязда қозғалтқышты сәтсіз іске қосудың салдары

Автокөлік жүргізушілері төмен температурада қозғалтқышты сәтсіз іске қосудың салдарын біле бермейді. Мысалы, қозғалтқыш аязда жақсы оталмайтын сияқты болды, бірақ сіз оған көнбей уақытты босқа өткіздіңіз, көлік оталмады және баратын жерге такси немесе қоғамдық көлікпен кетіп қалдыңыз. Ал, осы сәтте қозғалтқышты дұрыс оталдырмағаннан бірқатар қондырғы мен бөлшек істен шығуы ықтимал:


стартер күйіп кетеді;

ыстық су құйсаңыз, стартер, генератор, қосқыштар мен датчиктер қатып қалады;

«ременнің» дұрыс айналмауына байланысты газ тарату механизмі зақымданады;

пластикалық бөлшектер еріп кетеді немесе температура айырмашылығы зақым келтіреді;

керамика бөлшектерінің цилиндрлерге енуінен кейін катализатор бұзылады.


Жанармайдың толып кетуінің де салдары бар. Оның артық мөлшері майдың майлау қасиеттерін төмендетеді. Сондықтан қозғалтқышты аязда іске қосқаннан кейін мотор майын ауыстыру – автомобиль қозғалтқышының сенімді жұмысының міндетті шарты болып саналады. Егер қозғалтқыштағы су аязда қатып қалса, қозғалтқыш жарылып кетуі мүмкін.

Қозғалтқышты іске қосу проблемаларын болдырмаудың ең жақсы жолы – аяз басталғанға дейін алдын алу шараларын қолдану. Ол үшін майды жаңартып, қозғалтқышқа аязда да шыдамды, жоғары концентрациядағы салқындатқышты құйыңыз, «свечаларды» тексеріңіз немесе ауыстырыңыз, батарея жинағын тексеріңіз, контактілерді тазалаңыз. Қозғалтқышты төмен температурада іске қосқаннан кейін проблемалар туындаған жағдайда, диагностика мен қажетті жөндеу жүргізілетін автосервиске жүгінген дұрыс.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚЫСҚЫ ДӨҢГЕЛЕК: Еуропа елдерінде түрлі заңдар қолданылады


КӨЛІККӨРПЕ: пайдасы бар ма, бос шығын ба?