Бұл заңдарды білгеніңіз өзіңізге пайдалы.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Қыс келді дегенше еліміздегі көлік иелері қызқы шиналарды салуға асығады. Себебі, Қазақстанда заң талаптарына сәйкес, 1 желтоқсаннан бастап көліктерге қысқы маусымға арналған шиналар салынуы тиіс. Әйтпесе, өз қауіпсіздігіңізге қатер төндіріп қана қоймай, айыппұл арқалап кетуіңіз мүмкін. Енді Еуропа елдеріндегі заң талаптарына тоқталайық.
АЛБАНИЯ
Албанияда қысқы шиналарды пайдаланудың жалпы ережелері жоқ. Дегенмен жетекші дөңгелекке арналған қысқы шина болуы керек және белгілер жол жағдайларына байланысты қолданылуы қажет. Тікенді шинаға тыйым салынады.
АВСТРИЯ
Австрияда қысқы шиналар 1 қарашадан 15 сәуірге дейін міндетті болып саналады. Салмағы 3,5 тоннадан ауыр жүк көліктерінде минималды протектор тереңдігі 6 мм немесе 5 мм болуы керек. Қысқы шина автобустар үшін де міндетті. Қарлы және мұзды жолдарда жүретін көліктердің жетекші дөңгелегінде кем дегенде екі шина 1 қарашадан 15 сәуірге дейін қолданылуы қажет. Салмағы 3,5 тоннадан ауыр автомобильдер үшін тікенді резеңкеге тыйым салынады.
БЕЛЬГИЯ
Бельгияда қысқы шиналарды пайдаланудың жалпы ережелері жоқ. Қар немесе мұзбен жабылған жолдарда ғана сырғанауға қарсы сымды тізбектерге рұқсат етіледі. Тікенді резеңкеге тыйым салынған.
БЕЛАРУСЬ
Бұл елде 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін қысқы шиналар қолданылуы міндетті. Қарға қарсы тізбектерге тек қарлы және мұзды жолдарда рұқсат етіледі. Тікенді шиналарға рұқсат етілген.
БОСНИЯ және ГЕРЦЕГОВИНА
15 қарашадан 15 сәуірге дейін салмағы 3,5 тоннадан ауыр автомобильдер минималды протектор тереңдігі 4 мм шиналармен жабдықталуы керек. Егер шиналарда қысқы протектор болмаса, жетекші дөңгелекке сырғанауға қарсы тізбектер орнатылуы керек. Тікенді резеңкеге тыйым салынады.
БОЛГАРИЯ
Болгарияда да 15 қарашадан 1 наурызға дейін пайдаланылған жазғы немесе қысқы шиналардың протектор тереңдігі кемінде 4 мм болуы керек. Ал қар тізбектері 1 қарашадан 31 наурызға дейін көлікте жүруі қажет. Оларды пайдалану белгіленген таулы жолдарда міндетті болып саналады. Тікенді резеңкеге тыйым салынған. Тиісті қысқы жабдықтың болмауы елге кіруге немесе көлік жүргізуге тыйым салуға соқтыруы мүмкін.
ВЕНГРИЯ
Венгрияда қысқы шиналарды пайдаланудың жалпы ережелері жоқ. Қарға қарсы тізбектерге тек қарлы және мұзды жолдарда рұқсат етіледі. Тікенді резеңкеге тыйым салынған.
ҰЛЫБРИТАНИЯ
Бұл елде де қысқы шиналарды пайдаланудың жалпы ережелері жоқ. Қарға қарсы тізбектерге тек қарлы және мұзды жолдарда рұқсат етіледі. Тікенді шиналарға рұқсат етіледі, бірақ тек қар немесе мұз басқан жабылған жолдарда, егер олар жол жабынына зақым келтірмесе.
ГЕРМАНИЯ
Германияда ағымдағы жағдайларға байланысты қысқы жабдық қажет болады. Тізбектерді пайдалану жол белгілерімен реттеледі. Тікенді резеңкеге тыйым салынған. Айыппұлдар: 60 еуро - жарамсыз шиналар үшін, 80 еуро – жарамсыз шиналармен қозғалысқа кедергі жасағаны үшін, 100 еуро – жарамсыз шиналармен қауіпті жағдай туындатқаны үшін, 120 еуро - орынсыз шиналармен апат жасағаны үшін.
ДАНИЯ
Мұнда да қысқы шиналарды пайдаланудың жалпы ережелері жоқ. Қар тізбектері мен тікенді резеңкеге 1 қарашадан 15 сәуірге дейін рұқсат етіледі.
ИСПАНИЯ
Қызыл түспен белгіленген тау жолдарында ең аз протектор тереңдігі 4 мм болатын қысқы шиналар қажет. Ал толық салмағы 7,5 тоннадан асатын көліктер мұндай жолдарда жүре алмайды. Тау жолдарында: салмағы 3,5 – 7,5 тонна аралығындағы автомобильдер мен автобустар қысқы шиналармен жабдықталмаса, сырғанауға қарсы шынжырларды пайдалануға рұқсат беріледі. Қарлы жолдарда протекторы 2 мм-ге дейінгі шиналарға рұқсат етіледі.
ИТАЛИЯ
Бұл елде сырғанауға қарсы тізбектерге жол жамылғысының зақымдану қаупі болмаған кезде ғана рұқсат етіледі. Бірақ автокөлікте тізбектер болуы керек.
ЛИТВА
Қысқы шиналар 1 қарашадан 1 сәуірге дейін салмағы 3,5 тоннадан аз көліктер үшін міндетті болып саналады. Ауыр көліктер үшін қысқы шиналар қажет емес, бірақ ең аз протектор тереңдігі 1,6 мм болуы керек. Қарлы және мұзды жолдарда ғана қарға қарсы тізбектерге рұқсат етіледі. Тікенді резеңкені 1 қарашадан 1 сәуірге дейін қолдануға болады.
ЛИХТЕНШТЕЙН
Қысқы шиналарды пайдаланудың жалпы ережелері жоқ. Сырғанауға қарсы тізбектерді пайдалануға рұқсат етіледі. Салмағы 7,5 тоннадан ауыр көлік құралдары үшін: шиналар 1 қарашадан 30 сәуірге дейін рұқсат етіледі, максималды жылдамдығы 80 км/сағ-тан артық барлық дөңгелектерге шиналар орнатылуы керек. Шиналары бар автомобильдер тиісті жапсырмамен белгіленуі керек.
НИДЕРЛАНДЫ
Қысқы шиналарды пайдаланудың жалпы ережелері жоқ. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда сырғанауға қарсы тізбектерге және тікенді резеңкеге де тыйым салынады.
ПОЛЬША
Қысқы шиналарды пайдаланудың жалпы ережелері жоқ. Қарға қарсы тізбектерге тек қарлы және мұзды жолдарда рұқсат етіледі. Қар тізбектерін пайдалану міндетті орындар тиісті жол белгілерімен белгіленеді. Тікенді резеңкеге тыйым салынады.
ПОРТУГАЛИЯ
Мұнда да қысқы шиналарды пайдаланудың жалпы ережелері жоқ. Сырғанауға қарсы тізбектерді тиісті жол белгілерімен белгіленген жерлерде уақытша пайдалануға рұқсат етіледі. Тікенді резеңкеге тыйым салынады.
СЛОВЕНИЯ
Аталған елде 15 қарашадан 15 наурызға дейін қысқы шиналар кем дегенде жетекші дөңгелекте болуы керек. Қар тізбектері салмағы 3,5 тоннадан ауыр көлік құралдары үшін міндетті жабдық болып саналады, егер оларда қысқы шина болмаса. Тікенді резеңкеге тыйым салынады.
ТҮРКИЯ
1 желтоқсан мен 1 сәуір аралығында аймақтық жолдарда жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарында протектор тереңдігі кемінде 4 мм қысқы шиналар болуы қажет. Қысқы шиналардың бүйір жағында M+s белгісі, «снежинка» белгісі немесе осы белгілердің екеуі де болуы керек. Сырғанауға қарсы шынжырлардың болуы немесе қолданылуы қысқы шиналарды салу міндетінен босатпайды. Мұзда қолдануға арналған шыбықтар ғана қысқы шиналарды алмастыра алады.
УКРАИНА
Қысқы шиналарды пайдаланудың жалпы ережелері жоқ. Қарға қарсы тізбектерге тек қарлы және мұзды жолдарда рұқсат етіледі. Тікенді резеңкеге рұқсат етіледі.
ХОРВАТИЯ
Қысқы шиналар 15 қарашадан 15 сәуірге дейін міндетті болып саналады. M+s шиналары салмағы 3,5 тоннадан көп барлық көлік құралдарының жетекші дөңгелегіне орнатылуы керек. Белгілі бір жағдайларда тізбектер қолданылуы керек. Тізбектер кейбір аймақтарда міндетті болып та саналады. Тікенді резеңкеге тыйым салынады. Жүк көліктерінде қар тазалауға арналған күрек болуы керек.
ЧЕХИЯ
Қысқы шиналар 1 қарашадан 31 наурызға дейін қысқы жол жағдайларында немесе тиісті белгісімен белгіленген учаскелерде міндетті болып саналады. Протектор тереңдігі кемінде 6 мм болатын M+s шиналары салмағы 3,5 тоннадан көп автомобильдердің жетекші дөңгелегіне салынуы тиіс. Сырғанауға қарсы тізбектер тиісті жол белгілерімен белгіленген орындарда, 3 және одан да көп осьтері бар көлік құралдарының жетекші дөңгелектеріне орнатылуы міндетті. Тікенді резеңкеге тыйым салынады.
ЭСТОНИЯ
Қысқы шиналар салмағы 3,5 тоннадан аз көлік құралдары үшін 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін міндетті болып саналады. Ауыр автомобильдер үшін қысқы шиналар қажет емес, бірақ протектордың тереңдігі 3 мм болуы керек. Сырғанауға қарсы тізбектер тиісті жол белгілерімен белгіленген жерлерде, үш немесе одан да көп осьтері бар көлік құралдарының жетекші дөңгелегінің кемінде екеуінде болуы тиіс. Тікенді резеңкеге 15 қазаннан 31 наурызға дейін рұқсат етіледі.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
КӨЛІКТЕН не үшін БЕНЗИННІҢ ИІСІ шығады?
ЖЫЛДАМДЫҒЫ сағатына 265 км: Xiaomi алғашқы электромобилін таныстырды