Көлігіңіз болса, осындай құрылғылар алған жөн

0
1 863

Жұмысыңызды жеңілдетіп, көптеген мүмкіндік сыйлайды.


Көлігіңіз болса, осындай құрылғылар алған жөн

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Заманауи гаджеттер кез келген көлікті ыңғайлы, жайлы, қауіпсіз әрі қызықты ете алады. Сондықтан, егер сіз біреуге немесе жай ғана өзіңізге сыйлық жасағыңыз келге автокөлікке арналған гаджеттерді алған да жөн. Мәселен, мына заттарды:


WiFi-ы бар және 2 түрлі бейнеге арналған бейнекамера

Автокөлікті тұрақта қалдырған кезде терезедегі қымбат гаджетті тығып жүруден шаршадыңыз ба? Онда Neoline Flash 2K Wi-Fi камерасы қауіпсіздік туралы алаңдамауға мүмкіндік береді. Себебі, бұл жүргізушінің жолды көруіне мүлдем кедергі келтірмейтін және алаяқтардың назарын аудармайтын DVR. Сонымен қатар, құрылғының жұмысын бақылау үшін миниатюралық экран орнатылған.

Жетілдірілген камера 2K QUAD HD ажыратымдылығын қамтамасыз етеді және жоғары динамикалық диапазон технологиясының қолдауымен күн сәулесінің кері әсері, қараңғыда жарықтың азаюы сынды мәселелер оңай шешіледі.

Түсірілген бейнені смартфон арқылы оңай басқара аласыз және Wi-Fi желісімен жабдықталған. Мобильді қосымша апатты немесе даулы жағдайдың мән-жайын тез анықтауға, сондай-ақ телефонның жадына қажетті файлдарды жүктеуге көмектеседі.

Құрылғыны тұрақта тұрған көліктің салонында алаңсыз қалдыруға болады. Өйткені, тәулік бойы жұмыс істейтін «күзетші бейнебақылау» ұрылар мен тұрақтағы басқа да қозғалыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Түсірілім соққы сенсоры іске қосылғанда немесе кадр қозғалғанда автоматты түрде қосылады.



Компрессор және қуаттағыш гибриді

Компрессор әрі аккумуляторды қуаттайтын гаджетіңіз болса, екі бірдей құрылғыны алып жүрудің қажеті болмайды. Тиісінше, Trendvision start Compressor көпфункционалды кешені бірнеше қызметті бір өзі атқара алады.

Кіріктірілген аккумулятордың сыйымдылығы 12000 мАч және қозғалтқышты іске қосу үшін 600 немесе 1200 ампер қуат бөле алады. Компрессор сандық манометрмен және автоматты өшіру жүйесімен жабдықталған, сонымен қатар толық қуатымен кем дегенде екі көліктің барлық доңғалағын үруге болады. Сондай-ақ, бұл гаджетпен өзге де құрылғыларды қуаттай беруге болады. Қуат банкі ретінде гаджет қуатты QC USB шығысының арқасында кез-келген сыртқы құрылғыларды зарядтайды. Жарықтандыратын шамы, тіпті SOS сигналын беру жүйесі де бар.



Аккумуляторды жай-күйін бақылайтын сымсыз құрылғы


Қазіргі заманғы автомобильдердің өзінде аккумулятордың қуатын бақылау жүйесі жоқ. Ал электрмен жабдықтау сапасының маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Сәйкесінше, бұл жұмысты электр жүйесіне және салонның интерьеріне араластырмай бақылаудың оңай жолы – батареяның күйін бақылайтын сымсыз құрылғының көмегіне жүгіну. Батареяны бақылайтын гаджеттің мониторы аккумуляторға екі терминалмен қосылады және сорғыштың астында тұрады. Сөйтіп, смартфонға құрылғымен аттас қосымшаны жүктеп, Bluetooth арқылы көптеген пайдалы ақпараттарды ала аласыз. Оның ішінде батареяның жалпы жағдайы, ішкі кедергілері, стартер жұмысы, заряд динамикасы, температура мен токтың қашуы секілді мәліметтер бар.



12 вольтты электрлі көтергіш

Электрлік автомобиль көтергіштер біраз уақыттан бері сатылып келеді. Бірақ бұрын олардың барлығы дерлік гауһар тәрізді дизайнға ие болды және бір жарым тоннаға дейінгі салмақты ғана көтере алатын.

Ал, сол құрылғылардың баламасы саналатын kunfine KF-a1243 гаджеті үш тоннаға дейінгі салмақты, тіпті жол талғамайтын көлікті де көтере алады. Құрылымдық жағынан гаджет бөтелке түріндегі кәдімгі гидродократ. Бірақ «жоғары/төмен» түймемен басқарылатын тербелмелі тұтқаның орнына кіріктірілген поршеньді электр сорғысы орнатылған. Әрине, мұндай құрылғы жүргізушілерге әрдайым қажет болмайды. Дегенмен, керек кезде оның тиімділігін көресіз.



Коллекторсыз қозғалтқышы бар сымсыз шаңсорғыш

Қылқалам тәрізді қозғалтқышы бар дәстүрлі дизайндағы 12 вольтты автокөлік шаңсорғышы пайдасыз гаджет болып саналады. Себебі, оның қуаты өте төмен және тиімділігі жоқ. Мұндай құрылғыларды сатып алу – ақшаны желге шашқанмен бірдей. Алайда, біз ұсынып отырған Baseus 4-in-1 шаңсорғышы бұрынғы құрылғылардан да көп маневр жасай алады.

Әлбетте, бұл әбден тозған салонды тазалай алмайды, бірақ күнделікті тазалық жұмыстарына жарайды. Оның активінде 100 ватт-қа тең қуат, қуат көзі ретінде жұмыс істеу мүмкіндігі, USB-ден қуат алу мүмкіндігі, үрлеу, көптеген адаптерлердің көмегімен компьютерлер мен басқа да жабдықтарды шаңнан тазарту мүмкіндігі бар. Тіпті, көліктегі жаңа жауған қарды үрлей аласыз.



Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету эндоскобы

Қазір эндоскоп камераларының бағасы арзан. Әр жүргізуші біреуін алып қойса да болады. Оның ұзын кабель жалғанған шағын камерасы арқылы торпедоның астын, жылытқыш пен кондиционердің радиаторының күйін, ауа өткізгішті, басқа да капот астындағы тораптарды тұрған жерінде тексеріп, қозғалтқыштағы май ағып жатқан жерлерді оңай анықтауға болады.


Үлкен дисплейі бар эндоскоп кішкентай экрандары бар көптеген құрылғыларға қарағанда жұмыс істеуге ыңғайлы.



Ультрасезімтал радар детекторы бар комбинациялық құрылғы

Жол радарларын анықтау уақыт өткен сайын қиындап бара жатыр. Тіпті кейбірін қымбат флагмандық детекторлардың өзі анықтай алмайды.

Ал, бүгінгі таңдағы ең қуатты және тиімді қабылдағыш – Neoline-ның ең жақсы комбо-құрылғысы деп топшылаймыз. DEEPSCAN моделі – Wi-Fi-ы және жаңа буын радиолокациялық детекторы бар премиум гибридті DVR.


Neoline DEEPSCAN-да радарларды эфир арқылы танудан бөлек, бүкіл әлем бойынша орналасқан камералар мен радарлардың координаталық базасы енгізілген GPS ақпаратшысы бар. Бәсекелестерінен айырмашылығы – ақпарат базасы күн сайын жаңартылып отырады.

Гаджеттің маңызды ерекшелігі – смартфонмен Wi-Fi арқылы мүмкіндігінше тез жұмыс істеуі.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Көлік қозғалғанда ДІРІЛДЕСЕ НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?


ӨТЕ ҚАУІПТІ: Бензин багындағы су қайдан пайда болады? Зияны көп пе?