ӨТЕ ҚАУІПТІ: Бензин багындағы су қайдан пайда болады? Зияны көп пе?

0
2 900

Шын мәнінде бұл жағдайды қалай шешуге болады?


ӨТЕ ҚАУІПТІ: Бензин багындағы су қайдан пайда болады? Зияны көп пе?

Жанармай багына кірген судың салдарынан көліктің дұрыс жүрмей қалатыны немесе тіптен іске қосылмай қалатыны туралы әңгіме көп. Әсіресе, қыста көп таралады. Дегенмен, кейбір адамдар бұл қиындықты айналып өтетініне сенімді болса, енді бірі мәселені жою өте қиын екендігін айтып жатады. Шын мәнінде бұл жағдайды қалай шешуге болады?

СОНЫМЕН, СУ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

Негізінен ауадан. Яғни, судың негізгі бөлігі конденсация болып саналады және ол температураның өзгеруімен сөзсіз пайда болады. Кей адамдардың айтуынша қазіргі заманғы машиналарда бензин буын ұстау жүйесі болады екен. Бұл жүйенің болуы жанармай жүйесінің тығыздығының белгілі бір деңгейін, бензинді, ауаны және суды бөле алатын сепаратор мен адсорбердің болуын болжайды. Демек, «мұндай жағдай бензин буын ұстайтын заманауи машиналарда емес, ескі көліктерде болуы ықтимал» деген пікір туады. Бірақ, бұл мүлдем дұрыс емес.


Біріншіден, EVAP жүйесі толығымен герметикалық емес. Онда адсорбер клапаны да, резервуардың тығынындағы қысым клапаны да бар, сондықтан атмосфералық ауаның резервуарға кіруінің заңды жолдары бар. Жанармай құю станциясында тығыздық туралы айту күлкілі: көшеден кәдімгі ауа резервуарға толығымен еркін кіре алады және онда әрқашан су буы болады. Сондықтан резервуардағы конденсация әрқашан болады. Әрине, қысқа мерзімде жанармай жабдығына, қозғалтқышқа және тікелей резервуарға айтарлықтай зиян келтіретін мөлшерде емес.


Екінші себеп-бензиннің сапасы. Теориялық тұрғыдан алғанда, мұнай өңдеу зауытының жаңа бензинінде су болмайды. Алайда, жанармай бекетке жеткізіліп, көлік багына құйылғанша біраз уақыт болады. Нәтижесінде, бензинді тасымалдау кезінде оның құрамына су енуі мүмкін. ал жанармай құю станциясындағы резервуарларда ол одан да көп болады. Әрине, жанармай құю бекеттерінде резервуарларды тазарту процедуралары бар, бірақ олар әрқашан біз қалағандай мұқият орындалмайды. Әсіресе атаусыз жанармай құю станцияларында. Сапасыз отын – бұл резервуардағы ең «жомарт» су жеткізушісі.


Ақыр соңында, жаңбыр немесе қар жауған кезде су резервуарға түсуі мүмкін. Өзіңізді одан толықтай қорғау мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, резервуарда әрдайым су болады. Егер оның көлемі аз болса, онда алаңдайтын ештеңе жоқ. Ал тым көп болса, бұл басқа нәрсе.

САЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

Резервуарға судың қалай кіргені маңызды емес, қалай болса да ол біртіндеп жиналады. Сосын ол жану камерасына бензинмен бірге түседі де, жағымсыз салдары туындайды. Біріншіден, дұрыс емес тұтану пайда болуы мүмкін, екіншіден, ол суықта қатып қалуы мүмкін, нәтижесінде мұз отын қабылдағышты немесе отын сүзгісін бітеп тастайды, үшіншіден, отын жүйесінің элементтерін коррозияға ұшыратады.


СУДАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ?

Бірінші ойға келетін нәрсе – резервуарға ылғал кетіргішті құю. Өкінішке қарай, ол әрдайым көмектесе бермейді.


Негізінен ылғалды кетіргіш – коррозия ингибиторы бар алкоголь ерітіндісі. Алкогольдің міндеті – суды байланыстыру, яғни оны бензинмен жанып кететін күйге келтіру. Ал, коррозияға қарсы компонент, ең болмағанда, бұл алкоголь отын жүйесіндегі жағдайды нашарлатпауы үшін қажет.


Егер резервуарда жарты литр су жиналса , ылғал кетіргішті құю іс жүзінде пайдасыз. Себебі орташа есеппен осы секілді құралдардың кез келгені орау көлемінің он пайызына тең болатын су мөлшерін байланыстыра алады.


Өкінішке қарай, сапасыз отын қолдансаңыз, суды болдырмау қиынырақ. Сондықтан, мүмкіндігінше бейтаныс жанармай құю бекеттеріне бармай, сапалы жанармай қолданған абзал.


Ал, егер қыста резервуарда бірдеңе қатып қалса ше? Мұнда тек резервуарды тазалау көмектеседі. Өкінішке қарай, қазіргі заманғы автомобильдер резервуарлардағы су төгетін тесіктерден бас тартты, ал бұрын бензинді ағызу әлдеқайда оңай болатын. Сондықтан сізде жаңа көлік болса, резервуарды алып тастау керек болады.


Бензин сорғысын алып, оған қолайлы түтік салып, тікелей батареяға қосу және резервуарда жиналған барлық нәрсені осы жүйемен сорып алу да жақсы идея емес. Себебі резервуардың түбінде қоқыс сөзсіз болады, бірақ сіз бәрін толығымен сорып ала алмайсыз. Әсіресе резервуар жалпақ болса, онда барлық су түтік жетпейтін бұрышта жиналуы мүмкін. Мұндай күрделі жағдайларда резервуарды алып тастау және оны толығымен жуу ғана көмектеседі.

Кейбіреулер жаз мезгілінің ыстығын күту керек деп кеңес береді. Олар «жаздың аптап ыстығында резервуардағы су өздігінен буланып кетеді» дейді. Әрине, бұл болжам ақылға қонымсыз. Өйткені резервуардағы тығызырақ су жеңілірек бензиннің астында орналасады да, бұл оны буланудан «қорғайды». Егер сіз бәрібір осы әдіске сүйенер болсаңыз, алдымен бензиннің булануын күтесіз. Бірақ, машинаның багы қаншалықты бос болса, ол кеңістікке ауа да көбірек еніп, су көбейе беруі ықтимал.


Ал, дизель ше? Шын мәнінде судың дизель отынына түсуінің салдары бензинге қарағанда әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін. Бірақ, дәл осы себептен дизельді қозғалтқыштардың сүзгілеріне су сорғышы орнатылады. Оны мезгіл-мезгіл бұрап, сол суды төгіп тастау керек. Әдетте, бақылау тақтасындағы жеке белгі бұл процедураның қажеттілігі туралы хабарлайды. Ал, қыста ол жерде жиналатын су қатып қалуы да мүмкін. Сондықтан дизельді автомобильге арналған жанармай құю станцияларын таңдау өте маңызды болып саналады. Ал, егер су қандай да бір жолмен резервуарға түссе, сіз бензинмен жүретін көлікке жасағандай нәрсені жасауыңыз керек. Яғни, жанармай багын шешіп алып, ішін жуыңыз және құрғатыңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЭНЦОНЫҢ ӨЗІ ЖАСАҒАН СОҢҒЫ FERRARI: Әлемдегі ЕҢ ЖЫЛДАМ көліктің табысты тарихы


Көлік қозғалғанда ДІРІЛДЕСЕ НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?