​Банан қосылған нан: ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРЕДІ

0
2 980

Бұл ерекше нанды дайындаудың еш қиындығы жоқ. Қолыңызда мынадай азық-түлік болса болғаны.


​Банан қосылған нан: ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРЕДІ

Қажетті заттар:

3 дана банан

100 гр. ерітілген сары май (маргарин қосуға да болады)

1 стақан қант

1 дана жұмыртқа

1 шай қасық ас содасы

1,5 стақан ұн

Дәміне қарай тұз қосылады.

Суреттер ашық дереккөздерден алынды.

Дайындалу әдісі:

Алдымен бананның қабығын аршып, шанышқымен езіп аламыз.

Езбені ерітілген сары маймен араластырамыз. Осы араласпаға ас содасын, тұзды қосамыз.

Содан соң қант пен жұмыртқаны салып, жақсылап араластыру керек.

Кейіннен ұнды електен өткізіп, саламыз да тағы да араластырамыз. Қамыр сұйық болуы керек.

Форманы майлап, ұн себелеп, қамырды құямыз.

Пешті 180-200 градусқа дейін алдын-ала қыздырып алып, 40-50 минут бойы нанды пісіреміз.

Дайын нанды суығанша формада ұстап, кейін ала беруге болады. Дәмі тіл үйірер банан қосылған нан жасау әдісі осындай.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Таңғы асқа дайындалатын дәмді бөлішкелер


Үйде дайындаймыз: ШІЛДЕДЕ шөл басатын ШАЙДЫҢ екі түрі


Жазға жеңіл ас: Құлпынай салынған ЕРЕКШЕ тұшпара