Таңғы асқа жұп-жұмсақ бөлішкелер дайын тұрса, тәбеттің ашыла түсері сөзсіз. Ал, сүзбе мен мак коссаңыз тіптен дәмді бола түседі.
Қажетті өнімдер:
- 2 дана жұмыртқа
- 3 ас қасық қант
- Шым-шым тұз
- 10 гр. ванильді қант
- 15 гр. қамыр қопсытқыш
- 2 ас қасық сүт
- 250 гр. ұн
- 250 гр. сүзбе
Дайындалуы:
- Сүзбе, жұмыртқа, қант, ванильді қантты және тұзды бір ыдысқа салып араластыру керек. Ұнды електен өткізіп, қамыр қопсытқышпен араластырыңыз дақамыр илеңіз.
- Табаны майлап, пешті қызыдырыңыз.
- Қолды сулап, дайын қамырдан бөлішкелер түйіңіз.
- Дайын бөлішкелерді табаға салып, 190 градусқа қыздырылған пеште 12 минуттай ұстайсыз. Сонда бөлішкелер де пісіп шығады.
- Піскен бөлішкелерді табадан алып, бетіне сүт жағыңыз да бетіне қант сеуіп, қайтадан 2-3 минуттай пешке салып аласыз. Өте дәмді бөлішкені содан соң жей беруге болады.
Мак салынған дәмді бөлішке
Қажетті өнімдер:
- 600-650 гр. ұн
- 1,5 ас қасық ашытқы
- 1,5 стақан жылы сүт
- 0,5 стақан қант ұнтағы
- Шым-шым тұз
- 100 гр. сары май
- 2 дана жұмыртқа + 1 бетіне жағуға
- ¼ шай қасық ванилин
- 30 гр. өсімдік майы
- 30-50 гр. қант ұнтағы
- 30 гр. мак
Дайындалуы:
- Ең алдымен қамырды илеп аламыз. Ол үшін табаққа жылы сүт құйып, ашытқы, қант, 3 ас қасық ұн салып аралстырамыз. Бетін салфеткамен жауып, бір шетке қоя тұрамыз.
- Көпрішіген ашытқыға қалған қоспадарды қосып, қамыр илейміз.
- Енді қамырды жылы орап, 1 сағаттай ашығанын күтеміз.
- Қамырды жұқалап жайып, арасына жұмсартылған сары май мен қант, мак себеміз.
- Сөйтіп орама жасап, бірнеше бөліктерге бөлеміз де, бөлішке жасаймыз.
- Дайын бөлішкелерді табаға салып, 180 градусқа қыздырылған пеште 30-40 минуттай пісіреміз.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз: