Үйде дайындаймыз: ШІЛДЕДЕ шөл басатын ШАЙДЫҢ екі түрі

0
3 101

Шөлді қандыратын әрі сергіткіш қасиетке ие шайларды өз қолыңызбен дайындай аласыз.


Үйде дайындаймыз: ШІЛДЕДЕ шөл басатын ШАЙДЫҢ екі түрі

Аптап ыстықта ағзаны салқын шайлармен салқындатып отыру керек. Алайда, сатылымдағы газды сусындар сол мезетте ғана шөлді қандырғандай әсер қалдырғанымен, артынша шөл қысатынын ешкім жасыра алмайды. Бұл жағдайдан шығудың оңай жолын кейбір үйбикелері мен аспаздар жақсы біледі. Осы орайда, үй жағдайында жасалатын салқын шайларды ұсынбақпыз. Алдын ала дайындап, ыдыстарға құйып қоюға болады.


Лимон шайы


Керектілер:

  • Демделген қара немесе көк шай
  • Лимон шырыны
  • Қант қажет.

Дайындалуы:

  1. Ең алдымен қара немесе көк шайды демдеп, суытып аламыз. Дәміне қарай қант қосамыз. Осы шай салқындаған соң лимон шырынын құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, шайды тоңазытқышқа салып қою керек.
  2. Қара шайға қарағанда көк шай шөлді тез қандырады. Бірақ та таңдау өз еркіңізде. Қалаған шайыңызды дайындап, іше берулеріңізге болады.


Жалбыз бен лимоннан дайындалған шай


Керектілер:

  • 1,5 л су
  • 3 дана лимон
  • 1 бума жалбыз
  • Дәміне қарай қант қосылады.

Дайыналуы:

  1. Лимонның шырынын сығып, сумен араластырамыз. Қантты салып, кастрөлді отқа қоямыз. Қант ерігенше араластыра отырып, қыздырамыз.
  2. Жалбызды блендермен майдалап, суға саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, 10-15 минут тұндырып қояды.
  3. Соңында дайын сусынға мұз салып немесе тоңазытқышқа қойып салқындатып іше береді. Шайға жалбыздың 2-3 жапырағын бүтіндей салып жіберуге де болады.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Жазға жеңіл ас: Құлпынай салынған ЕРЕКШЕ тұшпара


"Головкиннің күшін беретін" әрі шөл қандыратын бидай көже


ОҢАЙ әрі АРЗАН: Балмұздақты үйде жасаудың тәсілдері