​Барлық пирогқа қолдануға болатын ӘМБЕБАП қамыр

0
3 734

Пирог пісіру оп-оңай!


​Барлық пирогқа қолдануға болатын ӘМБЕБАП қамыр

Қазіргі кезде қыз-келіншектер барлық тәттілерді үйде пісіруді үйреніп жатыр. Әсісере пирогтарды дайындау олар үшін қиын емес. Пирог пісіру процесін бұрынғыдан да жеңілдетуге болады. Ол үшін мынадай әмбебап қамырды дайындап қойсаңыз болғаны. Қажет кезінде алып, өзіңізге ұнайтын салманы саласыз да пирогтарды жасай бересіз. Бүгін біз әмбебап қамырдан сүзбелі пирог дайындайтын боламыз.


Әмбебап қамыр үшін қажетті заттар:

1 дана жұмыртқа
100 гр. сары май
100 гр. қант
280-300 гр. ұн
5 гр. қамыр қопсытқыш


Салмасына:
300 гр. сүзбе
100 гр. 20% қаймақ
100 гр. қант
1 ас қасық крахмал
2 дана жұмыртқа


Дайындау тәсілі:

  1. Ең алдымен қамырды дайындап алайық. Ол үшін табаққа жұмыртқаны жарып салып, оған шекер қосып, жақсылап араластырамыз.
  2. Осы араласқан жұмыртқа мен қантқа енді жұмсақ сары майды салып, оны да араластыру керек.
  3. Ұн мен қамыр қопсытқышты електен өткізіп алып, табаққа саламыз да, барлығын жақсылап араластырамыз. Сонда өте жұмсақ әрі сап-сары қамыр шығуы тиіс. Дәл осылай иленген қамырды кез-келген пирогқа қолдансаңыз болады.
  4. Енді қамырды арнайы формаға жайып салып, жан-жағына да қамыр жабыстырып шығамыз.
  5. Салманы дайындау үшін, табаққа сүзбе, қаймақ, қант пен жұмыртқа, крахмалды салып, түйіршік қалмайтындай етіп араластырасыз. Осы салманы енді формадағы қамырға құйып, 260-180 градуссқа қыздырылған пешке салып, 20-30 минуттай пісіреміз.
  6. Өте дәмді әрі пайдалы пирогымыз да дайын болды! Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Банан қосылған панкейк


Тауық етінен дайындалатын тойымды пирог