Күнделікті жаттанды тағамдарды дайындаудан шаршасаңыз, бүгін бір ерекше тағам әзірлеп көріңіз.
Қажетті қоспалар:
- 1 зуала қатпарлы қамыр
- 200 мл 20 пайыздық кілегей
- 2 дана жұмыртқа
- 150 гр. қатты ірімшік
- 450 гр. тауық еті
- 300 гр. саңырауқұлақ
- 1 дана пияз
- 1 тіс сарымсақ
- Дәміне қарай аскөк, тұз, бұрыш қосылады.
Дайындалу тәсілі:
- Пияздың қабығын аршып, жұқалап тураймыз. Табаға май құйып, пиязды қуырамыз. Қуырылған пиязға саңырауқұлақтарды салып, тұз қосып жақсылап қуыру керек.
- Қуырманы ыдысқа салып аламыз да, туралған тауық етін салып қуырамыз. Тауық етін қызартып қуырғаннан кейін оны да бір ыдысқа салып, қуырманы пиязбен араластырамыз.
- Сарымсақты майдалап турап, қуырмаға қосу керек.
- Қамырды жайып, бетіне салманы саламыз да, оның бетіне үкккіштен өткізілген ірімшікті себелейміз.
- Ал, тұздық үшін, жұмыртқа, кілегей, аскөктер мен тұз, бұрышты араластырып, пироктың бетіне құямыз. Содан соң 200 градусқа қыздырылған пешке салып, 30-40 минуттай пісіреміз. Дайын тағамды ыстықтай дастарханға ұсына беруге болады. Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз:
ДӘМДІ әрі тез дайындалатын ТҮРІК пиццасы