Тәбетіңізді таңғы аспен ашыңыз!

0
3 305

Көптеген қыз-келіншектер ұнтақ жармасынан, күріш пен сұлы қосылған ботқа дайындауды жақсы біледі. Бірақ та ерекше ботқаны жасау ойларына келмесі анық. Сол себепті ас мәзірін түрлендіргісі келетіндерге арнап, таңғы асқа арналған ерекше ботқалар мәзірін ұсынып отырмыз. Рецептін жазып алып, пісіріп көріңіз!


Тәбетіңізді таңғы аспен ашыңыз!

фото: mtdata.ru

1. Дәмдеуіштер қосылған сұлы ботқасы

Қажетті өнімдер:

  • Сұлы жармасы
  • 2 стақан су
  • 0,5 шай қасық даршын
  • 0,5 шай қасық хош иісті жаңғақ
  • Жарты шай қасық кардамон
  • Пышақтың ұшымен ғана зімбір ұнтағы
  • 1 шай қасық ваниль сығындысы
  • Шым-шым тұз
  • 2 ас қасық сары май
  • 1-2 ас қасық шырын немесе тосап
  • Банан немесе басқа да жемістер мен жаңғақ қосуға болады.

Дайындалуы:

  1. Кастрөлге су құйып, тұз саламыз да, қайнаған соң сұлы жармасын саламыз. Қақпағын жауып, жай отта 5-10 минуттай қайнату керек. Сұлы жармасы піскенше қайнатылады.
  2. Сосын оттан алып, барлық дәмдеуіштерді, тосапты немесе шырынды, жемістер мен жаңғақты қосып, жақсылап араластырады. Сонда өте дәмді дәмдеуіштерден дайындалған ботқаны жей беруге болады.

2. Тауық сорпасына қайнатылған ботқа

фото: avatars.mds.yandex.net

Қажетті өнімдер:

  • 2 ас қасық ұнтақ жармасы
  • 1,5 стақан тауық сорпасы
  • 100-200 гр. қайнатылған тауықтың төс еті
  • 30 гр. сары май
  • Пышақтың ұшымен ғана куркума мен тұз салынады.
  • Аскөк қосуға да болады.

Дайындалуы:

  1. Тауық сорпасын кастрөлге құямыз. Тауықтың төс етін майдалап турап, сорпаға саламыз. Куркуманы да салып, сорпаны қайнатамыз.
  2. Сорпаны қозғай отырып, ұнтақ жармасын салу қажет. 2 минут қайнаған соң отты барынша басып, тағы да 5-7 минуттай қайнату керек.
  3. Аскөк пен сары майды қосып, араластырамыз. Ботқамыз дайын.

Әзірлеген: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

10 минутта дайын болатын тойымды таңғы ас

Ыстық гамбургер пісіріп көрдіңіз бе?