Күздің ең дәмді әрі пайдалы азығы - көкөністер.
Кәді антиоксиданттар мен түрлі қышқылдарға бай. Оның құрамы сонымен қатар майлы қышқылдарға, иммунитетті нығайтатын аскорбин қышқылы мен бета-каротинге қаныққан. Магни, калий, кальций, марганец, фосфор сынды элементтерді де кәдінің құрамынан табуға болады. Ал, баялдыда холестерин деңгейін түсіруге көмектесетін В тобындағы барлық дәрумендерді табасыз. Осындай пайдалы көкөністерден дайындалған пісірмені дайындап көргіңіз келсе, мәзірімен таныс болыңыз!

Қажетті өнімдер:
- 230 гр. ұн
 - 150 гр. сары май
 - 1 шым-шым тұз
 - 100 гр. қаймақ
 - 500 гр. кәді
 - 500 гр. баялды
 - 2 тіс сарымсақ
 - 2 ас қасық өсімдік майы
 - 5 тал ақжелкен
 - 2 дана жұмыртқа
 - 130 гр. қатты ірімшік
 - Дәміне қарай тұз, бұрыш, насыбайгүл.
 
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен табаққа ұн, тұз, бір кесек сары май салып, қолмен үгітеміз. Осы араласпаға қаймақты қосамыз.
 - Қамыр қолға жабыспайтындай болуы керек. Егер жабысатын болса, азырақ ұн қосып жіберуге болады.
  - Дайын қамырды асханалық пленкаға салып, 30-40 минуттай тоңазытқышқы салып қоямыз.
 - Салмасына қосатын кәді мен баялдыларды орташа көлемде турап, дайындап аламыз.
 - Табаны отқа қойып қыздырып, май құйыңыз, сосын сарымсақты саласыз.
 - Осы табаға туралған көкөністерді саласыз. Қозғауды тоқтатпай, 7-8 минуттай кәді мен баялдыны қуырып аламыз. Қуырманы оттан алып, суытып қойыңыз.
 - Көкөністер ішінен сарымсақты алып тастап, дәміне қарай тұз, бұрыш, насыбайгүлді қосасыз.
 - Суыған қуырмаға енді жұмыртқаны, үккіштен өткізілген ірімшік пен майдалап туралған аскөкті салыңыз. Барлығын жақсылап араластырасыз.
 - Формаға пергамент қағазын салып, тоңазытқыштағы қамырды жаямыз. Қолмен жайылған қамырды формаға салып, ортасына көкөністер араласпасын жайғастырамыз. Қамырдың жан-жағы мен салманың бетін тегістейміз.
 - 180 градусқа қыздырылған пеште дайын пирогты 50-60 минуттай пісіреміз. Дайын болған пісірмені пештен алып, суытып қоямыз. Дәмді пісірме кешкі асқа арналған керемет ас болмақ!
 
Дайындаған: Майра Сейфуллина,
Тағы да оқыңыз:
Мына 7 көкөністі қыс мезгіліне міндетті түрде сақтап қойыңыз
                        
                        
                    
