​Мына 7 көкөністі қыс мезгіліне міндетті түрде сақтап қойыңыз

0
3 220

Көкөністерді мұздатқышта сақтасаңыз, оның құрамындағы пайдалы заттар сол қалпында сақталады.


​Мына 7 көкөністі қыс мезгіліне міндетті түрде сақтап қойыңыз

Көкөністердің бағасы қыста қымбаттайтыны белгілі. Супермаркеттер мен дүкендерде сатылатын көкөністердің пайдалы екеніне әрі бойындағы пайдалы заттардың жойылмағанына күмәнданасыз. Ең дұрысы бұл көкөністерді қазірден мұздатқышқа салып, сақтап қою. Қандай көкөністер дейсіз бе? Төменнен ең қажетті көкөністерді біліп алыңыз!


Аскөк

Пайдалы заттарға бай аскөкпен ешқандай да көкөніс таласа алмайды. Аскөктің кез келген түрін мұздатқышта сақтап, қыста тағамды дәмді әрі пайдалы ете түсіңіз. Мысалы, ақжелкен, аскөк, насыбайгүл, кинза, балдыркөк, саумалдық және тағы басқалары.

Аскөкті мұздатудың екі тәсілі бар:

Туралған қалыпта мұздату;

Буылған қалыпта мұздату.

Бірінші түрін таңдасаңыз, онда аскөкті майдалап тураға тура келеді. Бірақ та буылған қалыпта сақталған аскөк дәмін сақтап, пайдалы әсерін де жоғалтпайды. Ал, ең басты нәрсе, аскөктерді сақтаудан бұрын тазалап жуып, жақсылап кептіріп алуды ұмытпау керек.


Болгар бұрышы

Болгар бұрышының көмегімен қыста тағамды әсемдеп, дәмін келтіруге болады. Бұл көкөніс мұздатылған қалпында да осындай әдемі дәмі мен хош иісін жоғалтпайды.

Болгар бұрышын бүтіндей де, туралған қалыпта да сақтай аласыз. Алайда, мұздатылған бұрыштың дәнін тазалау қиынға соғатындықтан оны тазалап алып тастаған дұрыс. Сонда қыс мезгілінде болгар бұрышымен тағамыңызды тез-ақ дайындап тастайсыз. Өйткені мұздатылған болгар бұрышы өте тез пісетінін есте сақтаңыз.


Жасыл бұршақ

Жасыл бұршақты көптеген мәзірлерге қосуға болады. Сорпа болсын, екінші тағамдар болсын, тіпті салаттар да жасыл бұршақсыз дәмді болмайды. Сол себепті де уақытыңызды бөліп, жасыл бұршақты мұздатып алыңыз. Бар болғаны бұршақты сабағынан тазалап алып, мұздатқышқа саласыз.

Жасыл бұршақты пакетпен немесе пластикалық ыдысқа салып сақтаған дұрыс. Сонда мұздатқыштан көп орын алмайтын болады.


Бұршаққынды үрмебұршақ (спаржевая фасоль)

Жазда бұршаққынды ұрмебұршақ базарларда өте арзан бағада сатылады. Егер осындай бағасы арзан көкөністі тапқан болсаңыз, тез арада сатып алып, мұздатып қоюға тырысыңыз.

Алдымен үрмебұршақтың пайдалануға келмейтін өскіндерін кесіп тастау қажет. Сосын тазалап жуып, кептіресіз. Кепкен соң бұршаққынды үрмебұршақты ыдысқа бір қатардан салып, сақтайсыз. Мұздаған соң барлығын бір ыдысқа салып қоюға болады. Сонда олар бір-біріне жабыспай сақталатын болады.


Кәді

Кәді де өте пайдалы көкөністердің бірі. Дәл қазіргі уақытты кәді базарларда самсап тұр. Бағасы да қымбат емес. Осы сәтті пайдаланып, кәдіні мұздатып алыңыз. Оның пайдасын қыста да көретін боласыз.

Кәдіні мұздатудың бірнеше тәсілі бар: тіліктеп, бүтіндеу, төртбұрышты қалыпта туралған немесе үккіштен өткізілген. Барлығы да үй бикесінің кәдіден қандай тағам дайындайтынына байланысты болмақ.


Жүгері

Жаздың тағы бір ерекше дәмді тағамдарының бірі – қайнатылған жүгері. Қайнатылған жүгеріні жас та, кәрі де, бала да сүйсініп жейді. Жүгеріні бүтіндей сақтауға да болады. Ал, пайдаланар уақытта сол қалпы тұзды суға салып пісіріп ала бересіз. Бірақ та мұндай мұздатылған көкөністер балғын түріне қарағанда тез пісетіндіктен көп қайнатудың керегі жоқ.

Жүгеріні тек бүтіндей ғана емес, қайнатылған соң дәндерін пышақпен түсіріп те сақтайды. Сондай піскен дәндерді салаттарға қоса беруге дайын тұрады.


Сәбіз

Мұздатылған сәбіз бойындағы пайдалы заттарын сақтап қалады. Сол себепті де оны мұздатуға қорықпаңыз. Оны алдын ала қайнатып, жартылай піскен күйінде сақтаған әлдеқайда пайдалырақ. Қыс мезгілінде сәбізді тағам дайын боларда мұздатқыштан шығарсаңыз да үлгересіз.

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Асқабақтан ТӘТТІ де ДӘМДІ десерт ПІСІРУГЕ болады


АУЗЫҢЫЗДА еритін АЛМА салынған КҮТІРЛЕК күлше


Оқушылардың көңіл күйін көтеріп, сергек жүруіне көмектесетін таңғы ас мәзірлері