​Асқабақтан ТӘТТІ де ДӘМДІ десерт ПІСІРУГЕ болады

0
3 102

Асқабақтың құрамындағы пайдалы заттар зат алмасу жүйесін жылдамдатып, ағзаны шлактар мен токсиндерден тазалайды. Ішектердің жұмысын жақсартып, иммунитетті нығайтады.


​Асқабақтан ТӘТТІ де ДӘМДІ десерт ПІСІРУГЕ болады

Асқабақты барлық адам бірдей сүйіп жейді дей алмаймыз. Алайда, асқабақтан дайындалған десерттен ауыз тигендер бұл бақша өнімін іздеп жүріп сатып алатын болады. Өте дәмді әрі пайдалы десертті дайындау да қиын емес. Ендеше үйдегі бар азық-түліктермен жасалатын ең керемет десертті жасап көрейік!


1-мәзір


Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. асқабақ
  • 1 ас қасық қант
  • 1 дана лимон
  • Дәміне қарай бал салынады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Асқабақтың қабығын аршып, төртбұрышты етіп тураймыз. Сөйтіп табаққа салып қоямыз.
  2. Асқабаққа 1 ас қасық қантты салып, араластырамыз.
  3. Сосын табақтың бетін тәрелкемен жауып, микротолқынды пешке салып, 3 минут қыздыру керек. Микротолқынды пешті ең жоғарғы қуаттылығына қойып қыздыру керектігін ұмытпаймыз.
  4. Лимонды қақ ортасынан бөліп, қабығын үккіштен өткізіп аламыз.
  5. Асқабақты микротолқынды пештен шығарып, лимон шырыны мен қабығынсебелейміз де, азырақ ұнтақталған даршынды шашамыз. Қайтадан асқабақтың бетін тәрелкемен жауып, 2 минуттай микротолқынды пешке салып қыздырамыз.
  6. Дайын болған десертті арнайы ыдысқа салып, бетіне сұйық әсел құямыз. Сөйтіп жылы қалпында да, суытып жеуге де болады.


2-мәзір


Қажетті өнімдер:

  • 800 гр. асқабақ
  • 75 гр. қара өрік
  • 1 лимонның шырыны
  • 2 ас қасық бал
  • 1 шай қасық хош иісті бұрыш
  • Шым-шым даршын және теңіз тұзы

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен асқабақты төртбұрышты көлемде турап, 200 градусқа қыздырылған пешке салып, 25-30 минуттай пісіреміз.
  2. Ал, қара өрікке жылы су құйып жуып, майдалап тураймыз.
  3. Бөлек ыдысқа лимон шырынын, 2 ас қасық бал, хош иісті бұрышты, даршын мен теңіз тұзын араластырамыз.
  4. Пештен шыққан асқабақтың бетіне осы тұздықты құйып, қара өрікті себелейміз.
  5. Өте дәмді десерт тәбетіңізді ашып, бойыңызды қуаттандыра түседі.


3-мәзір


Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. асқабақ
  • 2 ас қасық бал
  • ½ шай қасық даршын
  • 2 ас қасық орман жаңғағы.

Дайындалу тәсілі:

  1. 300 гр. асқабақты қабығынан аршып, оны жұқалап тураймыз. 50 мм қалыңдықта тураған жеткілікті.
  2. Тәрелкеге 2 ас қасық бал, даршынды араластырып, осы араласпаны асқабаққа жағып шығамыз.
  3. Противен табаға пергамент қағазын салып, асқабақты жайып саламыз. Пешті 190 градусқа қыздырып, 15 минут пісіреміз. Асқабақ жұмсарып піскенде десерт дайын болды дей беріңіз.
  4. Орман жаңғағын блендермен майдалап, дайындап аламыз.
  5. Ал, піскен асқабақты тәрелкеге салып, қалған балды құямыз да, жаңғақты бетіне себелейміз.


4-мәзір


Қажетті өнімдер:

  • 400 гр. асқабақ
  • 200 гр. қант
  • 200 гр. жаңғақ

Дайындалу тәсілі:

  1. 400 гр. асқабақты 1 см қалыңдықта домалақтап кесіп шығамыз.
  2. Сосын әрбір асқабаққа зәйтүн майын жағып, 1 ас қасық прованс дәмдеуішін себелейміз.
  3. Формаға пергамент қағазын салып, асқабақты жайып саламыз. Сосын табаны 180 градусқа қыздырылған пеште 25 минуттай пісіреміз.
  4. Отқа табаны қойып, 200 грамм қантты саламыз. Қант ерігенше қозғамаймыз. Қантымыз карамельге айналғанда 200 грамм ұнтақталған жаңғақты саламыз. Сөйтіп қант пен жаңғақты араластыру керек.
  5. Тәрелкеге піскен асқабақтың 1 данасын қойып оның бетіне жаңғақ араласқан карамельді құямыз. Содан соң асқабақты қойып, тағы да карамель құямыз. Осылайша бірнеше қабат жасасаңыз болады. Ең бетіне карамель құйған дұрыс.
  6. Мұндай десертті тіпті мерекелік дастарханға әзірлесеңіз де дастарханның сәнін келтірері сөзсіз.


5-мәзір

Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. асқабақ
  • 2 дана тәтті алма
  • 50 гр. ашық түсті мейіз
  • 1 дана кішірек лимон
  • 2 ас қасық қайнаған су
  • 0,5 шай қасық ұнтақталған даршын
  • 1-2 ас қасық қант немесе бал
  • Әсемдеу үшін жалбыз қажет.

Дайындалу тәсілі:

  1. Мейізді ыдысқа салып, қайнаған суды құйыңыз. 10 минуттан соң суын төгіп тастап, жақсылап кептіресіз.
  2. Асқабақты тазалап жуып, қабығын аршисыз. Сосын дәндерінен тазартып, орташа көлемде текшелеп турайсыз.
  3. Алмаларды жуып, дәндерін тазартыңыз да, тіліктеп тураңыз.
  4. Пісірмеге арналған формаға 2 ас қасық қайнаған су құйып, туралған асқабақты, мейіз бен алманы саласыз. Бетіне лимон шырынын құйыңыз.
  5. Осылайша салынған жемістердің бетіне қант пен даршынды себелеп, алдын ала қыздырылған пешке салып, 30-35 минуттай пісіресіз.
  6. Асқабақ жұмсарып пісуі керек. Бірақ тым езіліп кетпегені дұрыс. Пісіру барысында 1-2 рет араластыруға болады.
  7. Дайын болған пісірмеге балды қосып, жалбызбен әсемдейсіз. Өте әдемі десертті дастарханға ұсына беруге болады.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ШӨЛ БАСАТЫН сусындардың төресі - НӘРСУ


Болгар бұрышынан дайындалатын ДӘМДІ пісірме


Өте ОҢАЙ әрі ДӘМДІ балмұздақ мәзірі