Картопты енді ҚУЫРМАЙМЫЗ: 5 түрлі заманауи мәзір

0
5 894

Қуырылған картоптың денсаулыққа зиян екенін айтып жиі дабыл қағады мамандар...


Картопты енді ҚУЫРМАЙМЫЗ: 5 түрлі заманауи мәзір

Картопты қуырып жеуден жалыққан боларсыз. Оның үстіне қуырылған тағамның ағзаға зиян екені де белгілі. Ендеше картопты қуырмай қалай дайындауға болатынын үйреніп алайық. Заманауи мәзірлерді жазып алсаңыз да артықтық етпейді.


Өте пайдалы КАРТОП котлеті


Қажетті өнімдер:

  • 5 дана картоп
  • 2 дана пияз
  • 1 дана жұмыртқа
  • 3 ас қасық ұн
  • 50 гр. сары май
  • Қуыру үшін өсімдік майы қажет
  • Аскөк
  • Дәмдеуіштер, тұз.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен картоптың қабығын аршып, суға салып қайнатамыз. Картоп піскенше пиязды аршып, майдалап турап, азырақ майға қуыру керек.
  2. Енді піскен картопты езіп, оған қуырылған пиязды, майдалап туралған аскөкті, тұз бен дәмдеуіштерді, жұмыртқа мен 3 ас қасық ұн салып, жақсылап араластырамыз.
  3. Осылайша дайындалған араласпадан котлеттер жасап, оны ұнға аунатамыз.
  4. Табаға май құйып, осы котлеттерді пісіріп ала береміз. Дайын котлеттерді кез келген гарнирмен, басқа да тағамдармен ұсынуға болады.


Ірімшік пен картоп қосылған кекс


Қажетті өнімдер:

  • 2 шыны картоп езбесі
  • 3 дана жұмыртқа
  • 1 шыны үккіштен өткізілген ірімшік
  • Азырақ майдалап туралған көк пияз
  • Азырақ ет
  • Тұз, бұрыш
  • Қаймақ

Дайындалу тәсілі:

  1. Пешті 200 градусқа қойып қыздырыңыз. Табаны майлау қажет.
  2. Енді табаққа езбені, ¾ шыны ірімшікті, қуырылған ет пен пиязды салып араластырамыз. Тұз, бұрыш қосамыз. Сосын осы араласпаны кекстің формаларына 1 ас қасықтан салып, бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті саламыз.
  3. 20 минутта кекстер де дайын болады. Қызарып піскен кексті суытып, содан кейін ғана формадан алу керек. Дайын кекстерді қаймақпен ұсына беруге болады.


Картоптан дәмді салат


Қажетті өнімдер:

  • 1 кг. картоп
  • ¾ шыны майонез
  • ¼ шай қасық кептірілген қыша
  • 1 шай қасық ащы сары түсті қыша
  • ½ бөлік балдыркөк
  • Туралған пияз
  • Тұз, бұрыш
  • Майдалап туралған көк пияз
  • Тәтті паприка

Дайындалу тәсілі:

  1. Картопты кастрөлге салып қайнатып, 20-25 минут пісіреміз. Картоптың суын сорғытып, дайындап аламыз.
  2. Осы картопқа майонез, кептірілген қыша ұнтағын, сары ұнтақты, майдалап туралған балдыркөк пен пиязды, тұз, бұрыш қосып араластырамыз. Енді барлығын жақсылап араластырып, картоптарды езу қажет.
  3. Дайын салатты суытып, дәмдеуіштермен әсемдейміз. Ал, дастарханға ұсынарда бетіне майдалап туралған пияз бен паприканы себелейміз.


Қытырлақ картоп пісірмесі


Қажетті өнімдер:

  • Азырақ зәйтүн майы
  • 1 дана үлкен пияз
  • 1 тіс сарымсақ
  • 1 лимонның ¼ бөлік шырыны
  • Хош иісті ұнтақталған жаңғақ
  • 700 гр. картоп.

Дайындалу тәсілі:

  1. Табаға бір ас қасық зәйтүн майын құйып, қыздырамыз. Сосын туралған пиязды, сарымсақ пен бір шым-шым тұз салып, қуыру керек. Үнемі араластыра отырып, 10 минуттай қуырып, лимон шырынын, тұз, бұрыш, хош иісті жаңғақты салып, қоя тұрамыз.
  2. Енді картопты өте жұқа етіп тураймыз. Табаның барлық жерін зәйтүн майымен жақсылап майлап, бұрыш пен азырақ хош иісті жаңғақты себелейміз. Сосын жұқалап туралған картопты салып, бетіне зәйтүн майын жағамыз. Тұз, бұрыш, дәмдеуіштер салып, дәл осындай қалыппен үш қабат жасаймыз.
  3. Осылайша дайындалған пісірмені пешке салып, 45 минут пісіреміз. Егер картоптың беткі қабаты күйе бастаса, фольга қағазымен жауып қоюға болады. Пісіп шыққан тағамды 5-10 минут суытып, дастарханға қоя беруге болады.


Заманауи картоп пісірмесі


Қажетті өнімдер:

  • 5 ас қасық май
  • 1 шым-шым хош иісті жаңғақ
  • 2 тіс сарымсақ
  • 1 кг картоп
  • 400 мл. майсыз кілегей
  • Тұз, ұнтақталған қара бұрыш.

Дайындалу тәсілі:

  1. Картоптың қабығын аршып, тазалап жуамыз. Содан соң картопты жұқалап турау қажет. Ол үшін бізге өткір пышақ қажет болады.
  2. Сосын форманы майлап, майдалап туралған сарымсақты себелейміз.
  3. Артынша кілегеймен араластырылған картопты саламыз. Бұл араласпаға тұз, бұрыш, хош иісті жаңғақты салуды да ұмытпаңыз.
  4. Сосын осы картоп араласпасын сарымсақтың бетіне жайғастыру керек. Бір кесек майды картоптың бетіне жағып, табаның бетін фольга қағазымен жабамыз.
  5. Дайын пісірмені пешке салып, 30-40 минуттай ұстаймыз. Осы уақыттан соң пісірме де дайын болады.


Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Сүзбе салынған тәтті нанды қалай пісіреді?


ТАНДЫР НАНның мерекелік рецепті - кез келген келіншектің қолынан келеді


Жаңа жылдық дастарханға ерекше дәм дайындағыңыз келе ме?