Бұл бөлішкені күнделікті дүкендерден сатып алып жеп жүрміз. Бірақ, оны өз қолымызбен жасасақ та болады.
Пайдалы әрі дәмді бөлішкені үй жағдайында пісіргіңіз келсе, дайындалу тәсіліне мән беріңіз.
Қажетті азық-түліктер
Қамырға:
- 200 мл сүт
- 1 дана жұмыртқа
- 2 ас қасық өсімдік майы + табаны майлауға да май қажет.
- 550 гр. ұн
- 7 гр. ашытқы
- 2 ас қасық қант
- 1 шай қасық тұз.
- Салмаға:
- 400 гр. сүзбе
- 2 ас қасық қаймақ
- 1 жұмыртқаның сары уызы
- 1 пакет ванильді қант
- Бетіне жағу үшін:
- 1 дана жұмыртқа
- 1 шай қасық сүт.
Дайындалу тәсілі:
- Алдымен сүтті жылытып аламыз. Сосын осы сүтке ашытқыны, қант, тұз, 0,5 стақан ұн салып, араластырамыз. Бетін жауып, жылы жерге қоямыз. 20 минутта ашытқы да дайын болады.
- Содан соң осы ашытқы көпіршіген кезде жұмыртқа, өсімдік майын салып араластыру керек. Артынша електен өткен ұнды қосамыз.
- Қамырды алдымен қасықпен араластырып, сосын қолмен қамыр илейміз. Қамыр өте жұмсақ әрі біркелкі болып шығуы тиіс. 10 минуттай қамырдың июін қандырып илеу керек.
- Табақты майлап, қамырды салыңыз да, бетін пленкамен жауып қойыңыз. Осылайша қамыр 1 сағаттай тұрады.
- Енді салмасын дайындайық. Ол үшін сүзбені електен өткізіп, әбден еземіз. Оған жұмыртқаның сары уызын, қаймақты, қант пен ванильді қантты салып араластырамыз. Салманы қамыр ашығанша тоңазытқышқа сала тұрамыз.
- Қамырды 12 бөлікке бөліп, әрқайсысын домалақтаймыз. Содан соң осы домалақ қамырларды пергамент қағазы салынған табаға саламыз. Бетін майлықпен жауып, 10-15 минутқа қою керек.
- Қамырдың бетіне салманы салу үшін стақанның түбін ұнға бір салып аламыз да, қамырдың ортасынан басамыз. Сөйтіп осы жерге сүзбе араласпасын саламыз. Сүт пен жұмыртқаны араластырып, бөлішкенің бетіне жақсылап жағамыз.
- Пешті 200 градусқа қыздырып, 20-30 минутта бөлішкелерді пісіріп ала бересіз. Дәмді бөлішкелер де дайын болды!
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз:
ТАНДЫР НАНның мерекелік рецепті - кез келген келіншектің қолынан келеді
Жаңа жылдық дастарханға ерекше дәм дайындағыңыз келе ме?