Котлетке салма салып пісіріп көрдіңіз бе?

0
1 877

Котлетті жақсы көрмейтіндер аз шығар. Ал, арасына салма салып дайындасаңыз, тіптен дәмді бола түседі. Ендеше, салма салынған котлеттердің жасалу жолын үйренейік!


Котлетке салма салып пісіріп көрдіңіз бе?

Қажетті заттар:

Фарш үшін:

  • 500 гр. тартылған тауық еті
  • 1 дана пияз
  • 1-2 тіс сарымсақ
  • нан (қалауыңызша)
  • 1 жұмыртқа
  • тұз, бұрыш


Суреттер ашық дереккөздерден алынды.

Салмасы үшін:

  • 100-150 гр. ірімшік пен суға піскен 2 жұмыртқаны майда үккіштен өткізіп
  • ақжелкен мен аскөкті майдалап тураңыз.
  • бөлме температурасындағы 2 ас қасық сары май
  • өзіңізге ұнайтын дəмдеуіштерді қосыңыз.
Дайындалу тәсілі:
Алдымен салмасын дайындап алайық. Салманы қалай дайындау керектігін жоғарыда айтып өттік. Сосын фаршқа жібітілген нанды қосып, жақсылап араластырамыз. Оған майдаланған сарымсақты, тұз бен бұрышты, жұмыртқаны салып жақсылап араластыру керек.

Содан соң қолыңызды суға батырып, фаршты алыңыз да, ортасын шұңқырлап, оған салмасын салыңыз. Сосын котлеттің формасын жасаңыз. Қолды сулап алып жасасаңыз, фарш жабыспайды.
Жай отта қыздырылған өсімдік майына котлеттерді саламыз. Қызарғанша екі жағынан да қуырыңыз. Қақпағын жабудың қажеті жоқ. Котлеттер өте жылдам дайындалады. Сондай жұмсақ, ауызда ериді!

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Қарбыз бен қиярдан СУПЕР салат


Банан қосылған нан: ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРЕДІ


Таңғы асқа дайындалатын дәмді бөлішкелер