​Оқушылардың көңіл күйін көтеріп, сергек жүруіне көмектесетін таңғы ас мәзірлері

0
2 390

Әне-міне дегенше жаңа оқу жылы да басталмақ. Балаларымыз сабақты қашықтықтан оқып, білім алатын болады. Ал, ата-ана ретінде сіз мұндай өзгеріске дайынсыз ба? Жалпы не дайындау керектігін, қалай дайындалуды ойланып жүрсіз бе?


​Оқушылардың көңіл күйін көтеріп, сергек жүруіне көмектесетін таңғы ас мәзірлері

Әсіресе, аналар жағы баланың дұрыс білім алуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін ең алдымен әрбір оқушы-баланың тамақтану рационына мән беруді ұмытпайық. Мынадай тамаша таңғы асты дайындау арқылы Сіз балаңызға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, күні бойы сергек жүруіне себепші бола аласыз. Ендеше қолдан келгенінше ас мәзірін реттеп, ең жақсы тағамдарды әзірлеуді үйренейік!


Сүзбелі пудинг


Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. сүзбе
  • 1 дана жұмыртқа
  • 50 мл кілегей
  • 2 ас қасық қант
  • 2 ас қасық ұнтақ жармасы (манная крупа)
  • 10 гр. сары май
  • Бірнеше дана кез келген жидек.


Дайындалу тәсілі:

  1. Жұмыртқаның сары уызын қантпен араластырып, көпіршітіп аламыз. Ал, сүзбені електен өткізіп майдалап аламыз. Ақуызды венчикпен көпіршітіп алу керек.
  2. Енді көпіршітілген сары уыз бен қантқа ұнтақ жармасын, сүзбені салып, жақсылап араластырыңыз. Артынша көпіршітілген ақуызды да салып жіберіңіз. Барлығын жақсылап араластырасыз.
  3. Форманы сары маймен майлап, сұйық қамырды құямыз да, арасына жидектерді салып жібереміз. Бетіне сары май тастап жіберуге де болады.
  4. Пудингті қыздырылған пеште 25-30 минут пісіреміз.


Өте зерек балаға арналған күріш қосылған шарлотка


Қажетті өнімдер:

  • 100 гр. күріш
  • 2 дана алма
  • 1 дана жұмыртқа
  • 2 ас қасық қант
  • 20 гр. сары май.

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен күрішті қайнатып, пісіріп аламыз. Сосын салқын сумен жуып, суытып қоямыз.
  2. Жұмыртқаның сары уызы мен сары уызын бөліп алып, сары уызын күрішке қосамыз. Осы араласпаға қант пен сары майдың жартысын салу керек.
  3. Ақ уызды көпіршітіп, жайлап күріш араласпасына қосамыз.
  4. Енді алмаларды тіліктеп турап, дайындап аламыз.
  5. Форманы майлап, күріш араласпасының жартысын саламыз. Оның бетіне туралған алмаларды жайып салып, бетіне қайтадан күріш араласпасын саласыз. Ал, бетіне қалған сары майды ерітіп құйып жібереміз. Жақсылап қыздырылған пеште шарлоткамыз 20-25 минутта дайын болады.


Сұлы жармасы қосылған ботқа


Қажетті өнімдер:

  • 1 стақан сүт
  • 50 мл кілегей
  • 3 ас қасық сұлы жармасы
  • 2 шай қасық қант
  • Жарты бөлік алма, алмұрт, банан және өрік
  • 4 дана грек жаңғағы.

Дайындалу тәсілі:

  1. Сұлыны сүтке салып, отқа қойып қайнатамыз. Үнемпі қозғайп отыруды ұмытпау керек.
  2. Ботқа суыған соң қантты, туралған жемістер мен ұнтақталған грек жаңғағын қосамыз. Жақсылап араластырып, дастарханға ұсыныңыз.


Ұнтақ жармасы қосылған шоколадты пирог


Қажетті өнімдер:

  • 250 мл айран
  • 1 стақан ұнтақ жармасы
  • 50 гр. ерітілген сары май
  • 2-3 ас қасық қант
  • 0,5 шай қасық ас содасы
  • 2 ас қасық какао
  • Бір уыс кез келген жидек пен жалбыз.

Дайындалу тәсілі:

  1. Айранға ас содасын салып, араластыру керек. Осы араласпаға ерітілген сары майды, қант, какао, ұнтақ жармасын қсоып, жақсылап араластырамыз да, 30 минут қоя тұрамыз.
  2. Форманы майлап, қамырымызды құямыз. 180 градусқа қыздырылған пеште 25-30 минуттай пісіреміз. Ал, жидектерден пісіп шыққан пирогтың бетіне 5 санын жазып, балапаныңызға ұсынсаңыз болады.


Сүзбеден дайындалған құймақтар


Қажетті өнімдер:

  • 100 гр. сүзбе
  • 3-4 шай қасық ұн
  • 2 ас қасық геркулес
  • 2 шай қасық сары май
  • 1 дана жұмыртқа
  • Қуыру үшін өсімдік майы қажет.

Дайындалу тәсілі:

  1. Сүзбені електен өткізіп, үгітіп аламыз. Сөйтіп оған жұмыртқа, геркулес, ұнды қосып, жақсылап араластырамыз. Осы араласпадан қолымызбен қамыр илейміз.
  2. Қамырды домалақтап, үстелдің үстіне қойып оқтаумен жаямыз. Сонда қамырдың қалыңдыңы 1 см-дей болуы керек. Жайылған қамырды арнайы форманың көмегімен кесіп, өсімдік майына қуырып ала береміз. Піскен құймақтарды балмен немесе тәтті жидек тұздығымен ұсынсаңыз дәмі тіл үйіреді. Мұндай құймақтан балалар ешқашанда бас тарта алмайды.


Жүгері жармасы мен банан қосылған ботқа

Дереккөз: domashniy.ru порталы

Қажетті өнімдер:

  • 0,5 стақан жүгері жармасы (кукурузная крупа)
  • 1 стақан сүт
  • 10 гр. сары май
  • 1 дана банан
  • 5-6 дана грек жаңғағы
  • 30 гр. қоңыр қант
  • Дәміне қарай ұнтақ даршын және тұз қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Жүгері жармасын суға қайнатып алып, сүтті құямыз. Қайнаған соң оттан алып, сары май қосасыз.
  2. Табаны қыздырып, азырақ сары май салыңыз. Қант пен даршынды себелеп салып, араластырамыз. Осы қуырмаға енді дөңгелектеп туралған банандарды салып, екі жағын қызарта қуырып алу керек. Сосын ұнтақталған жаңғақты саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, оттан аламыз.
  3. Осылайша қуырылған банан мен жаңғақты жүгері ботқасына салып, әсемдейміз. Ботқамыз да дайын болды!

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Таңғы асқа картоптан құймақ дайындаңыз


Мына салаттарды міндетті түрде жауып алыңыз


Кәді мен қызанақтан ерекше АДЖИКА қайнатуға болады