ӨРІК ПЕН ШИЕ тосабын 5 МИНУТТА дайындайтын тәсіл бар

0
7 336

Өрік пен шиеден тосап қайнатып алатын уақыт келе жатыр. Мына тәсілдер керегіңізге жарап қалар.


ӨРІК ПЕН ШИЕ тосабын 5 МИНУТТА дайындайтын тәсіл бар

Әрбір үйбикесі "қыстың қамын жаз ойла" деп қазірден-ақ тосап қайнатуға кірісіп кеткен болар. Бірақ та көктем шыға сала түскен қардың әсерінен көптеген ағаштар жеміс бермей қалды. Соған қарамастан базарларда сатып жатқан азын-аулақ өрік-шиемен де тосап қайнатып алуға болады. Себебі күн суықта мұның бәрі одан сайын дәмді бола түседі. Ендеше қолыңызда бар жемістермен түрлі тосаптарды қайнатып, көңіл-күйіңізді бір көтеріп алыңыз.


5 минутта жабуға болатын ӨРІК ПЕН ШИЕ тосабы



Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. шие
  • 200 гр. өрік
  • 200 гр. қант
  • 100 мл су.

Дайындалу тәсілі:

  • Өріктерді жуып, ортасынан бөлеміз де сүйегінен ажыратамыз. Өріктің әрбір бөлігін тағы да екіге бөліп, табаққа саламыз.
  • Шиені де тазалап жуып, дайындап аламыз.
  • Сиропты дайындау үшін кастрөлге су құйып, шекерді саламыз да, отқа қойып қайнатамыз. Қант толықтай ерігенше қозғап отырып қайнату керек.
  • Осы қайнаған суға шие мен өріктерді салып, араластырамыз да қайнатамыз. Тосап қайнағаннан кейін, бір қозғап жіберіп, 5 минут қайнату керек. Дайын болған 5 минуттық тосапты банкаларға құйып, қақпағын бұраймыз.
  • Егер көбірек тосап жапқыңыз келсе, жемістерді де, қантты да жоғарыда айтылған мөлшермен қоса берсеңіз болады.


Даршын мен лимон қосылған ерекше тосап



Қажетті өнімдер:

  • 1 кг өрік
  • 550 гр. қант
  • жарты бөлік лимон
  • 1 тал даршын

Дайындалу тәсілі:

  1. Өрікті жуып, сүйектерін алып тастаймыз.
  2. Ортасынан бөлінген өріктерге қантты себелеп, 1-2 сағат қойып қоямыз. Ең дұрысы таңға дейін осылай қойғаныңыз абзал.
  3. Түні бойы қант еріп, өріктер де толықтай бойына қантты сіңіреді. Енді өрікті қайната беруге болады.
  4. Тосапқа даршын мен жарты лимонның қабығын үккіштен өткізіп салып, отқа қойып қайнатамыз. Тосап қайнағаннан кейін жарты лимонның шырынын қосамыз. Отты жай қойып, 50-60 минуттай қайнату керек.
  5. Осы уақыт аралығында тосап қоюланып, дайын бола бастайды. Банкаларға құйып, қақпағын бұрап ала бересіз. Сонда тосабымыз да дайын болады.


Грек жаңғағы қосылған өрік тосабы



Қажетті өнімдер:

  • 2 кг өрік
  • 1 кг қант
  • 200 гр. грек жаңғағы.

Дайындалу тәсілі:

  1. Жуылған әрі сүйектері ажыратылған өріктердің бетіне қантты себелейсіз. Қант жемісті толықтай жауып тұруы керек.
  2. Сосын кастрөлді отқа қойып, жай отта тосапты қайната бастаймыз. Тосап қайнай-қайнай қоюланып, қоңырқай тарта бастайды.
  3. Тосап дайын болуға 20 минуттай уақыт қалғанда 200 гр. үгітілген жаңғақты саламыз.
  4. Барлығын жақсылап араластырып, банкаларға құйып, жауып алуға болады. Егер тоңазытқышта сақтағыңыз келсе, салқындаған соң банкаларға құясыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Хачапуриді сүтпен де, айранмен де дайындауға болады


Өте дәмді картоп езбесін қалай дайындайды


Таңғы және кешкі асқа өте дәмді ГАЛЕТА дайындап көріңіз