Өте дәмді картоп езбесін қалай дайындайды

0
5 952

​Гарнир ретінде картоп езбесі өте дәмді тағам екені даусыз. Мұндай езбені етпен де, балықпен де ұсына беруге болады. Ең басытысы картоп езбесін дәмді етіп әзірлеуді білсеңіз болғаны. Ол үшін төменге көз жүгіртіп, керек кеңестерді түртіп алыңыз.


Өте дәмді картоп езбесін қалай дайындайды

Дәмді тағамды тек сапалы өнімдерден жасауға болады. Сол себепті де таза әрі сапалы картоп алуға тырысыңыз. Бұл оңай шаруа емес. Себебі картопты сыртқы қабығына қарап таңдау өте қиын. Сортын біліп алғанның да зияны жоқ. Көбіне супермаркеттерде картоптың сорты жазылады. Ал, базардан сатып алатын болсаңыз, тек сыртқы тазалығына қарап аласыз. Мұқият болсаңыз жақсы картопты іздеп таба аласыз.


  • Картопты қайнатпас бұрын оның қабығын аршып, бірдей көлемде тураңыз. Сонда барлық картоп біркелкі әрі бір уақытта пісіп шығады. Картопты қарапайым суға салып та, сүтке де пісіруге болады. Сонымен қатар, хош иістендіргіш ретінде сарымсақ, тимьян, қара бұрыш қоссаңыз артықтық етпейді.

  • Бірақ та картопты плитаның үстінде көп ұстауға болмайды. Картоп жұмсарып піскен кезде кастрөлді оттан алып, басқа жерге қойыңыз. Себебі картоп тым қатты пісіп кетсе өзінің бойына сұйықтық жинайды екен. Содан картоп дәмсізденіп қалады.

  • Піскен картопты кептіріп алу керек. Сонда ол сары майды да, сүтті де жақсы сіңіретін болады. Ол үшін картопты табаға салып, 10 минут духовкада ұстаңыз. Газ плитада да картопты кептіруге болады. Табаға немесе қазанға картопты салып, отта ұстайсыз. Арасында қозғауды ұмытпаңыз.

  • Сары майды үнемдеудің қажеті жоқ. Картоп езбесіне сары майды өте көп көлемде қосқан дұрыс. Сонда ғана картоптың дәмі кіреді. Сондай-ақ, картоп езбесіне майсыз сүт қоспайсыз. Майлылығы 3,2 пайыздан асатын кілегейден бірнеше ас қасық қоссаңыз жетіп жатыр.


  • Картопты суға қайнатсаңыз да, сүтке салып қайнатсаңыз да дәмдеуіштерді қосуды ұмытпаңыз. Кез келген өсімдіктерден дайындалған дәмдеуіштер, сарымсақ, бұрыш салып 10 минут қайнату керек. Сонымен қатар, насыбайгүл қосуға да болады. Ең бастысы дәмдеуіш шөптерді мыжып алмасаңыз болғаны. Себебі шөптерді жайлап сүзіп алмасаңыз, жапырақтары немесе құрғаған сабақтары сүтке түсіп кетуі мүмкін.

  • Картопты арнайы саңылаулары бар езгіш құралмен езген дұрыс. Оның үстіне бұл құралмен картоп толықтай езіледі. Блендермен немесе асханалық құралдармен езудің қажеті жоқ.

  • Картоп езбесін алдын ала дайындап қоюға да болады. Ал, дастарханға ұсынарда езбені қазанға салып, отқа қоясыз. Сосын 1-2 ас қасық қайнаған су құйып, жақсылап араластырыңыз. Оттың басында тұрып, тоқтаусыз қозғап, дайын болғанда ғана оттан аласыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ораза айт мейрамына үнділердің "Самосасын" дайындаңыз


Рамазан айында бәлішке алкоголь қоспаңыз


Қойдың қабырғасынан дайындалған дәмді тағамдар