Өте әдемі ШЫРША салаты

0
1 751

​Жаңа жыл, Жаңа бастама, Жаңа тағам!


Өте әдемі ШЫРША салаты


Жаңа жылды тойламайын десек те осы бір уақытта мерекелік көңіл-күй іштей тыныштық бермейді. Сондықтан да болар қыз-келіншектер жағы ең болмағанда өз отбасы үшін арнайы дастархан жайып, дәмді-тәттілерді дайындайды. Осы орайда Жаңа жылға арнап «ШЫРША» салатын әзірлеуді ұсынамыз.


Қажетті қоспалар:

  • 2 дана қияр
  • 2 дана қызанақ
  • 200 гр. ысталған тауық еті
  • 4-5 дана жұмыртқа
  • 150 гр. ірімшік
  • 5-6 ас қасық консервіленген жүгері
  • 4-5 ас қасық майонез
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш, аскөк.


Дайындалу тәсілі:

  1. Салатты дайындау үшін барлық қоспаларды текшелеп турап, бір табаққа саламыз.
  2. Дәміне қарай тұз, майонез қосып, жақсылап араластыру керек.
  3. Ал, аскөкті алдын-ала майдалап турап алыңыз. Содан соң әбден араласқан салатты тәрелкелерге бөліп салып, үшбұрышты етіп жасаймыз. Салаттың сырт көрінісі шыршаға ұқсауы керек.
  4. Енді осы үшбұрыш етіп жасалған қоспалардың бетіне аскөкті себелеп, оның үстінен майонезбен өрнек жасасақ болады. Ал, шыршаның ойыншықтары ретінде консервіленген горох немесе жүгері, анар жемісін қойып шығамыз.
  5. Мерекеде қонақтарға қуаныш сыйлайтын жаңа жылдық «Шырша» салаты да дайын болды!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ДӘМДІ ТАҒАМ: тауық етін сүтке бұқтырып пісіруге болады


ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ДАСТАРХАН: асшаянды пеште пісірсе дәмді болады