​Пәкістандық әдіспен дайындалған қатпарлы самса

0
748


​Пәкістандық әдіспен дайындалған қатпарлы самса


Қажетті қоспалар:

Қамырына:

  • 2 жұмыртқа (біреуінің сарысын қоспайсыз)
  • 1 стақан су
  • 1 стақан сүт
  • 1 кесе өсімдік майы
  • 1 пакет қопсытқыш ұнтақ
  • 2 ас қасық сірке суы
  • 5 стақан ұн
  • 1 шай қасық тұз


Салмасына:

  • 400 грамм тартылған ет
  • 1 дана пияз
  • Жарты кесе өсімдік майы.
  • 2 дана картоп
  • Қара бұрыш
  • Ащы бұрыш, тұз
  • Бетіне жағу үшін:
  • 1 жұмыртқаның сары уызы
  • 1 шай қасық сүт.


Дайындау тәсілі:

  1. Қамырға берілген қоспалармен жұмсақ қамыр илеп, оны 20 тең бөлікке бөліп, дөңгелектеп қоямыз. Бетін матамен жауып, салмасын дайындауға кірісеміз.
  2. Салмасына қосылатын етті еттартқыштан өткізіп, біз тартылған етті шырыны алынғанша қуырамыз. Содан кейін май мен пиязды қосып, бірнеше минут қуырыңыз. Соңында туралған картоп пен дәмдеуіштерді қосып, картоп сәл жұмсақ болғанша қуырамыз және оларды суытамыз.
  3. Қамырдың екі данасын алып, кезек-кезек жайып, арасына крахмал сеуіп, екі қамырды бір-бірінің үстіне қойып біріктіреміз де, жұқалап жаямыз. Қамыр жұп-жұқа болып жайылған кезде оны оқтаумен орап алып, жиырған қалыпта жазбай оқтаудан аламыз. Қамырды жазып, бетіне май жағып, әр жеріне салманы салып шығу керек.

4. Қамырдың екі шетін тауып алып, жұқалап салманың бетін екі жағынан жабамыз да, әрбір самсаны түйіп шығамыз. Содан соң қамырдың арасын пышақпен кесіп, самсаның екі басын жақсылап біріктіріп, пергамент қағазы салынған табаға жайғастырамыз.

5. Қалған қамырлардан да дәл осылай самса түйіп, бетіне сүт пен жұмыртқа араласпасын жағамыз. Бетіне қалауыңызша күнжіт немесе мак дәнін сепсеңіз болады. 200 градусқа қыздырылған пеште барлық қатпарлы самсамызды пісіріп аламыз.

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мантықазанда пісірілетін өте дәмді БҰҚТЫРМА