Таңғы асқа дайындалатын дәмді бөлішкелер

0
3 463

Таңғы асқа жұп-жұмсақ бөлішкелер дайын тұрса, тәбеттің ашыла түсері сөзсіз. Ал, сүзбе мен мак коссаңыз тіптен дәмді бола түседі.


Таңғы асқа дайындалатын дәмді бөлішкелер


Қажетті өнімдер:

  • 2 дана жұмыртқа
  • 3 ас қасық қант
  • Шым-шым тұз
  • 10 гр. ванильді қант
  • 15 гр. қамыр қопсытқыш
  • 2 ас қасық сүт
  • 250 гр. ұн
  • 250 гр. сүзбе

Дайындалуы:

  1. Сүзбе, жұмыртқа, қант, ванильді қантты және тұзды бір ыдысқа салып араластыру керек. Ұнды електен өткізіп, қамыр қопсытқышпен араластырыңыз дақамыр илеңіз.
  2. Табаны майлап, пешті қызыдырыңыз.
  3. Қолды сулап, дайын қамырдан бөлішкелер түйіңіз.
  4. Дайын бөлішкелерді табаға салып, 190 градусқа қыздырылған пеште 12 минуттай ұстайсыз. Сонда бөлішкелер де пісіп шығады.
  5. Піскен бөлішкелерді табадан алып, бетіне сүт жағыңыз да бетіне қант сеуіп, қайтадан 2-3 минуттай пешке салып аласыз. Өте дәмді бөлішкені содан соң жей беруге болады.

Мак салынған дәмді бөлішке

Қажетті өнімдер:

  • 600-650 гр. ұн
  • 1,5 ас қасық ашытқы
  • 1,5 стақан жылы сүт
  • 0,5 стақан қант ұнтағы
  • Шым-шым тұз
  • 100 гр. сары май
  • 2 дана жұмыртқа + 1 бетіне жағуға
  • ¼ шай қасық ванилин
  • 30 гр. өсімдік майы
  • 30-50 гр. қант ұнтағы
  • 30 гр. мак

Дайындалуы:

  1. Ең алдымен қамырды илеп аламыз. Ол үшін табаққа жылы сүт құйып, ашытқы, қант, 3 ас қасық ұн салып аралстырамыз. Бетін салфеткамен жауып, бір шетке қоя тұрамыз.
  2. Көпрішіген ашытқыға қалған қоспадарды қосып, қамыр илейміз.
  3. Енді қамырды жылы орап, 1 сағаттай ашығанын күтеміз.
  4. Қамырды жұқалап жайып, арасына жұмсартылған сары май мен қант, мак себеміз.
  5. Сөйтіп орама жасап, бірнеше бөліктерге бөлеміз де, бөлішке жасаймыз.
  6. Дайын бөлішкелерді табаға салып, 180 градусқа қыздырылған пеште 30-40 минуттай пісіреміз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Үйде дайындаймыз: ШІЛДЕДЕ шөл басатын ШАЙДЫҢ екі түрі

Жазға жеңіл ас: Құлпынай салынған ЕРЕКШЕ тұшпара