Таңғы және кешкі асқа өте дәмді ГАЛЕТА дайындап көріңіз

0
5 276

Галета - қамырдан дайындалатын заманауи француз тағамы. Бұл тағамды әр ел өз қалауына қарай әртүрлі етіп дайындайды.


Таңғы және кешкі асқа өте дәмді ГАЛЕТА дайындап көріңіз

Галета тағамын ауызашарға да, сәресі асына да дайындауға болады. Ең бастысы қамыры дайын болуы керек. Салмасына үйде бар көкөністерді, жұмыртқа мен ірімшікті қоса бересіз. Оңай әрі тез дайындалатын галета соншалықты ауыр тағамға жатпайды. Әрі пайдалы, әрі жеңіл астың бірі.


Ірімшік қосылған галета

Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. ұн
  • 100 гр. сары май
  • 80 гр. кілегейлі ірімшік (сливочный сыр)
  • 15 гр. көк пияз
  • 3 дана жұмыртқа
  • 5 ас қасық су
  • 2 шай қасық тұз.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ұн мен салқындатылған сары майды, суды жақсылап араластырып аламыз. Майды үккіштен өткізуге болады. Осылайша жұмсақ қамыр илейсіз. Қамырды пакетке салып, жарты сағат тоңазытқышқа қоя тұруға болады.
  2. Енді салмасын дайындайық. Ол үшін жұмыртқаны қайнатып, суыған соң қабығын аршып, турайсыз. Пияздың да қабығын аршып, тазалап жуыңыз. Майдалап турап, жұмыртқамен, ірімшікпен араластырыңыз. Дәміне қарай тұз қосыңыз.
  3. Қамырды жайып, пергамент қағазы салынған табаға жайғастырыңыз. Ортасына салманы салып, жан жағын суреттегідей қалыппен қайырып шығыңыз. Сөйтіп 200 градусқа дейін қыздырылған пеште галетаны 30 минут ұстайсыз. Осы уақыт аралығында тағамымыз да дайын болады. Өте дәмді әрі оңай дайындалатын галетаны сіз де әзірлеп көріңіз.


Қозықұйрық қосылған галета



Қажетті өнімдер:

  • 220 гр. ұн
  • 150 мл су
  • 40 гр. өсімдік майы
  • Дәміне қарай тұз
  • Азырақ ас содасы
  • 200 гр. қозықұйрық немесе мұздатылған саңырауқұлақ
  • 150 гр. пияз.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ұнды електен өткізіп, тұз, ас содасымен араластырамыз. Содан соң ыстық суға өсімдік майын құйып, ұнды салып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамыр сәл ғана қолға жабысатындай болуы керек. Сосын қамырды жылы орап, жарты сағаттай июін қандырамыз.
  2. Қапмыр дайын болғанша пияз бен саңырауқұлақты қуырып аламыз.
  3. Кейіннен дайын қамырды 4 бөлікке бөліп, әрқайсысын жұқалап жайып, ортасына қуырылған қозықұйрық пен пиязымызды саламыз да, жан-жағын қайырып, салмамызды жабамыз. Қамырды абайлап табаға салып, алдын ала қыздырылған пеште 30 минут бойы пісіреміз. Сонда төрт қамырдан 4 галета шығады.


Қызанақ пен ірімшіктен дайындалған галета


Қажетті өнімдер:

  • 60 мл су
  • 60 мл өсімдік майы
  • 190 гр. ұн
  • Дәміне қарай тұз
  • Салмасына:
  • 1 дана қызанақ
  • 100 гр. ірімшік
  • Дәмдеуіш.

Дайындалу тәсілі:

  1. Табаққа жылы су құйып, тұзды, өсімдік майын қосамыз. Ұнды салып, жұмсақ қамыр илейміз. Егер қамыр тым қолға жабысып тұрса, 1 ас қасық ұн қосуға болады.
  2. ЕНді салмасын дайындауға кірісейік. Қызанақты ортасынан бөліп, сол қалыпта жұқалап тураймыз. Ірімшікті де дәл солай турау қажет.
  3. Қамырды домалақ қылып жайып, табаға саламыз. Қамырдың жан-жағын жұқалау қылып қылып жайған дұрыс. Ортасына ірімшік мен қызанақты араластыра отырып саламыз. Сосын жан-жағын қайырып, сәл ғана қолымызбен басамыз да, қызып тұрған пеште пісіреміз. Қызанақ қосылған галета 40 минутта дайын болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ауызашарға мына 3 тағамды дайындаңыз


Пекин қырыққабатынан дайындалған «ӨРТ» салаты


ЕРЕКШЕ "ЧАК-ЧАК"