​Ауызашарға қандай тағам дайындау керектігін білесіз бе?

0
13 136


​Ауызашарға қандай тағам дайындау керектігін білесіз бе?

Ораза ұстау – адамның рухани баюына ғана емес, денсаулығының нығаюына да айтарлықтай әсер етеді. Тек дәмді әрі зиянсыз тағамдарды дайындап, бір ай бойы ішкі ағзаларға жеңілдік сыйлаған дұрыс. Ал, мына 3 тағамды әзірлесеңіз, еш өкінбейсіз!


Көкөністер қосып бұқтырылған ет тағамы



Қажетті өнімдер:

  • 800 гр. ет
  • 300 гр. қозықұйрық
  • 1-2 дана тәтті бұрыш
  • 1 дана үлкенірек пияз
  • 1 дана сәбіз
  • 1 ас қасық томат
  • Асызарқ аскөк
  • Дәміне қарай тұз және бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Етті орташа көлемде турап, қызып тұрған майға салып қуырамыз. Ет қызара бастағанда туралған пиязды қосып араластырамыз.
  2. Қуырылған пияз бен етті жақсылап араластырып, су құямыз да жартылай дайын болғанша қақпағын жауып бұқтырып қоямыз.
  3. Тәтті болгар бұрышын жуып, ұзыншалап турау керек. Қозықұйрықты да қалауыңызша тураңыз. Сәбізді үккіштен өткізіп, туралған көкөністердің барлығын томатпен бірге 5 минуттай азырақ майға қуырып, етке саламыз.
  4. Осыдан соң қуырмаға су құйып, жай отта тағамды дайын болғанша бұқтырамыз. Егер қажет болса су құйып, ет піскенше бірақ бұқтыруға тура келеді. Өте дәмді бұқтырмамыз да дайын болды.


Тауық етінен дайындалған котлеттер



Қажетті өнімдер:

  • 0,5 кг тартылған тауық еті
  • 1-2 дана жұмыртқа
  • 2 ас қасық қаймақ
  • 1 дана пияз
  • Азырақ ұн
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Пиязды барынша майдалап тураңыз. Ал, тауық етін майдалап турасаңыз да, ет тартқыштан өткізсеңіз де болады.
  2. Сосын тартылған етті пиязбен араластырып, осы араласпаға жұмыртқа мен қаймақты қосыңыз. Егер жұмыртқа аздау болса, тағы бір жұмыртқа қосып жіберуге болады.
  3. Фаршқы дәміне қарай тұз бен бұрыш қосып араластырасыз. Дайын фаршқа ұнды салып, барлығын тағы бір рет араластырып жіберіңіз. Осылайша дайындалған фарштан 1 ас қасықтан алып, табадағы қызып тұрған майға салып қуырасыз. Екінші бетін аударып, дәл солай қызарғанша қуырыңыз. Котлеттерді ұнаған гарниріңізбен ұсынсаңыз болады.


Ет пен баялды қосылған ерекше сорпа



Қажетті өнімдер:

  • 0,5 л су
  • 500 гр. сиыр еті
  • 2 дана орташа көлемдегі пияз
  • 200 гр. баялды
  • 200 гр. көк асбұршақ (стручковая фасоль)
  • 30 мл жүгері майы
  • 1 дана тәтті болгар бұрышы
  • 200 гр. қызанақ
  • Аскөк, күнзе, сарымсақ, тұз қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Етті тазалап жуып, ірілеп тураймыз. Содан соң қазанға су құйып, етті саламыз да отқа қоямыз.
  2. Пиязды да турап, қуыру керек. Табаға май құйып, пиязды қуырамыз. Отты барынша жай қойып, табаның қақпағын жабамыз да пиязды бұқтырамыз.
  3. Қайнап жатқан сорпаға турылған баялдыны, қызанақ пен тәтті болгар бұрышын, көк асбұршақты салып, дайын болғанша қайнатамыз.
  4. Сорпа дайын болуға жақын қалғанда ұнтақталған күнзе мен сарымсақты салып, тұз қосамыз. Дайын тағамды 5 минуттай қайнатып, құйып бере беруге болады.
  5. Оразаларыңыз қабыл болсын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Пекин қырыққабатынан дайындалған «ӨРТ» салаты


ЕРЕКШЕ "ЧАК-ЧАК"

Армянша ХАШЛЯМА тағамы