​Пекин қырыққабатынан дайындалған «ӨРТ» салаты

0
6 296


​Пекин қырыққабатынан дайындалған «ӨРТ» салаты

«ӨРТ» деп аталуының себебі – бұл өте ащы салат. Соған қарамастан өте балғын әрі хош иісті салаттардың бірі.


Қажетті өнімдер:

  • 1 кг пекин қырыққабаты
  • 1 дана сәбіз
  • 1 дана пияз
  • 1-2 тал көк пияз
  • 4 тіс сарымсақ
  • 1 ас қасық құмшекер
  • 1 ас қасық паприка
  • 1-2 шай қасық қызыл ащы бұрыш
  • Дәміне қарай тұз
  • 1 шай қасық зімбір
  • 100 мл су қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен қырыққабатты төртбұрышты қалыпта турап аламыз. Аса ірілеп тураудың қажеті жоқ.
  2. Сәбіздің қабығын аршып, тазалап жуамыз. Сосын сәбізді сәбіз салатқа қосарда қалай үккіштен өткізсек, дәл ұзыншалап дайындалап аламыз.
  3. Ал, пиязды екіге бөліп, сол қалыпта жұқалап турау қажет. Көк пиязды да тазалап жуып, майдалап турау қажет.
  4. Осылайша дайындалған көкөністерді бір табаққа салып, араластырып қоямыз.
  5. Енді тұздығын дайындау ғана қалды. Ол үшін сарымсақты майдалап, зімбірді майда үккіштен өткіземіз. Сосын осы сарымсақ пен зімбірге тұз, қант, паприка, ащы қызыл бұрыш және суды қосып, жақслап араластыру керек. Дайын тұздықты салаттың бетіне құйып, араластырамыз. Сонда салатымыз да дайын болады.

Дайындаған: Қ.Әти,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ЕРЕКШЕ "ЧАК-ЧАК"


Армянша ХАШЛЯМА тағамы