​Үйде макароннан басқа ЕШТЕҢЕ қалмағанда жасауға болатын 5 ТАҒАМ

0
777

Макаронның өзінен керемет дәмді ас әзірлеп көріңіз, Сізге ұнамауы мүмкін емес!


​Үйде макароннан басқа ЕШТЕҢЕ қалмағанда жасауға болатын 5 ТАҒАМ

Кейде айдың соңына қарай үйде азық-түлік таусылып, макароннан басқа ештеңе қалмай қалатын кездер болады. Тіпті, ет те болмауы мүмкін. Осындай жағдай көптеген қыз-келіншектердің басынан өткен шығар. Сіз де бұл жағдайға дайын жүріңіз. Егер жұмыстан асығып үйге келгенде шкафтан тек макарон таба алсаңыз, онда мынадай тағамдарды жасап көріңіз.


Кеспе мен шұжықшадан тез дайындалатын тағам


Тағы да оқыңыз: Картопты енді ҚУЫРМАЙМЫЗ: 5 түрлі заманауи мәзір


Қажетті өнімдер:

  • 2-3 дана шұжықша (сосиска)
  • Кеспе
  • Сары май
  • Үккіштен өткізілген ірімшік.


Дайындалу тәсілі:

Шұжықшаны екі немесе үш бөлікке бөлеміз. Сосын осы кесілген шұжықшаларға суреттегідей қалыппен бірнеше кеспені өткіземіз. Осылайша дайындалған шұжықша мен кеспені суға салып қайнатамыз. Піскен соң сүзіп алып, тәрелкеге саламыз да бетіне ірімшікті себелейміз. Өте ерекше әрі тез дайындалатын мұндай тағам отбасы мүшелерінің барлығына ұнары сөзсіз.


Макарон мен сәбізден дәмді тағам


Қажетті өнімдер:

  • 400 гр. макарон
  • 1 дана сәбіз
  • 2 дана орташа пияз
  • 6-8 тіс сарымсақ
  • 2 ас қасық өсімдік майы
  • 30 гр. сары май
  • 500 мл су
  • Дәміне қарай тұз, дәмдеуіштер қосылады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен сәбізді аршып, тазалап жуып, үккіштен өткізіп аламыз. Ал, пиязды ортасынан бөліп, жұқалап тураймыз.
  2. Сарымсақты майдалап тураймыз немесе арнайы құралмен еземіз.
  3. Табаға өсімдік майын құйып, сары майды саламыз да пиязды салып қуырамыз.
  4. Пияз қызарғаннан кейін үккіштен өткізілген сәбізді салып, жақсылап араластырамыз. Сосын майдаланған сарымсақты саламыз. Барлығын 1-2 минут қуырып, макаронды қосу керек. Тағы бір араластырып жіберіп, қайнаған суды құямыз. Дәміне қарай тұз, дәмдеуіштерді қосып, араластыру қажет. Табаның қақпағын жауып, 5 минуттай бұқтырамыз. Содан соң қақпағын ашып, 3-5 минут қуырамыз. Осы уақыт аралығында тағамымыз да дайын болады.


Жұмыртқа мен макарон пісірмесі


Тағы да оқыңыз: Картопты енді ҚУЫРМАЙМЫЗ: 5 түрлі заманауи мәзір


Қажетті өнімдер:

  • 150 гр. макарон
  • 3 дана жұмыртқа
  • 1 ас қасық майонез
  • 1 сабақ аскөк
  • 1 ас қасық май
  • Тұз, бұрыш.


Дайындалу тәсілі:

  1. Қазанға су құйып, қайнатамыз. Қайнаған суға тұз салу керек. Содан соң макаронды салып, араластыра отырып қайнатамыз. Піскен соң макаронды дуршлагқа салып алып, кейіннен табаққа аударамыз.
  2. Макарон қайнап жатқан уақытта тұздықты дайындай беруге болады. Ол үшін жұмыртқаны табаққа жарып салып, тұз бен қара бұрыш саламыз. Аскөкті жуып, майдалап турап, жұмыртқаға қосамыз. Сосын 1 ас қасық майонезбен араластырамыз. Осы араласпаны енді блендерге құйып, біркелкі болғанша айналдырып алу керек.
  3. Пешті қосып, 200 градусқа дейін қыздырамыз. Форманы майлап, макаронды саламыз. Сосын оның бетіне жұмыртқа тұздығын құямыз да, пешке саламыз. 10-15 минутта жұмыртқа мен макарон пісірмесі де дайын болады. Дайын тағамды кешкі асқа ұсына бересіз.


Ірімшік тұздығы қосылған макарон тағамы


Қажетті өнімдер:

  • 400 гр. макарон
  • 1 л сүт
  • 60 гр. сары май
  • 50 гр. ұн
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • 100 гр. ірімшік
  • Тұз, бұрыш
  • 1 шым-шым ұнтақталған хош иісті жаңғақ.


Дайындалу тәсілі:

  1. Екі-үш тіс сарымсақты жұқалап кесіп аламыз. Содан соң қазанға 60 гр. сары май салып, ерітіп, сарымсақты саламыз.
  2. Сәл ғана қуырып, 50 гр. ұнды салу керек.
  3. Сөйтіп, сарымсақты үнемі қозғай отырып, біркелкі болғанша жай отта қуырамыз. Бар болғаны ұнды 1-2 минут қуырсақ жеткілікті.
  4. Енді қазанды қозғай отырып, 1 литр сүтті аз-аздан құямыз. Сүтті қайнатып, отты жай қоямыз да, хош иісті жаңғақты салу керек. Осы араласпаға тұз, бұрыш қосып, тағы бір араластырамыз. Барлығын араластырып, 15 минуттай қайнатамыз.
  5. Тұздық қайнап жатқанда басқа кастрөлге 3 литрдей су қайнаған құйып, тұз саламыз. Осы суға макаронды салып, қайнатып, пісіреміз. Дайын болған макаронды сүзіп аламыз.
  6. 15 минуттан соң тұздықты оттан алып, 100 гр. үккіштен өткізілген ірімшікті қосып, жақсылап араластырамыз.
  7. Дайын тұздыққа макаронды салып араластырып, дастарханға тарта беруге болады. Егер қаласаңыз, тағамның бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелеп, әрлесеңіз тәбетіңіз ашыла түседі.


Қызанақ пен сарымсақ қосылған тағам


Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. макарон
  • 200 гр. қызанақ
  • 100 гр. сары май
  • 150 гр. қатты ірімшік
  • 50 гр. ұнтақталған нан
  • 3 тіс сарымсақ
  • 1 бума аскөк
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш қосылады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен аскөкті жуып, майдалап турап алайық. Содан соң сарымсақты майдалап турап, ірімшікті үккіштен өткізу керек.
  2. Табаны отқа қойып, 20 гр. сары май саламыз. Осы майға сарымсақты барынша қуырамыз. Сосын кішірек көлемдегі қызанақтар салып, тағы 5 минуттай қуырылады.
  3. Қуырманың бетіне алдын ала қайнатылған макаронды салып, 50 гр. сары май қосамыз.
  4. Барлығын араластырып, тағы да 5 минут қуырылады.
  5. Пісірмеге арналған арнайы форманы майлап, ұнтақталған нанды себелеп, макарон мен қуырылған көкөністерді саламыз. Дәміне қарай тұз, аскөк пен ірімшікті салып, араластырамыз да, 200 градусқа қыздырылған пеште пісіреміз.
  6. 3-5 минутта тағамымыз да дайын болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Картопты енді ҚУЫРМАЙМЫЗ: 5 түрлі заманауи мәзір


Сүзбе салынған тәтті нанды қалай пісіреді?


ТАНДЫР НАНның мерекелік рецепті - кез келген келіншектің қолынан келеді

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет