​Ең дәмді пицца

0
4 111

Пиццаны әр отбасы сүйіп жейді. Әсіресе балалар пиццаны жақсы көретіні сөзсіз. Бүгінгі дастархан мәзірінде біз оқырмандарымызға ашытқысыз дайындалатын қамырдан пицца пісіруді үйретеміз. Еш қиындығы жоқ. Жазып алуды ұмытпаңыздар!


​Ең дәмді пицца

Пиццаны әр отбасы сүйіп жейді. Әсіресе балалар пиццаны жақсы көретіні сөзсіз. Бүгінгі дастархан мәзірінде біз оқырмандарымызға ашытқысыз дайындалатын қамырдан пицца пісіруді үйретеміз. Еш қиындығы жоқ. Жазып алуды ұмытпаңыздар!

Қамырды илеу үшін:

1.Ең алдымен ұнды елеп алыңыз. Сосын ұнды табаққа салып, тұз бен қамыр қопсытқышты қосып, араластырасыз. Су мен азырақ зәйтүн майын қосып, қамырды илеңіз.

2.Қамыр біраз тұрғаннан кейін, оқтаумен жайып аласыз. Дайын қамырды жан-жағын табаны айналдыра жайып тұратындай етіп формаға салыңыз да, ішіне қалаған салмаңызды «жайғастырып», пісіріп ала бересіз.

Салманы дайындауға қажетті өнімдер

Соусқа:

  • 1 дана пияз
  • 1 дана сәбіз
  • 1 тал балдыркөк
  • 2 шай қасық томат
  • 1 шай қасық базилик
  • 100 мл қызыл шарап

Салма жасау үшін:

  • тауық еті
  • Саңырауқұлақ
  • Болгар бұрышы
  • Моцарелла ірімшігі
  • Балғын орегано
  • Пияз бен қызанақ
  • Зәйтүн майы.

Дайындалу тәсілі:

1.Ең алдымен соус дайындап алайық. Ол үшін пияз бен сарымсақты, балдыркөк пен базиликті майдалап тураймыз. Сәбіз бен қызанақты майда үккіштен өткіземіз.

2.Табаға май құйып, пиязды 2 минут қуырып, сарымсақ, сәбіз бен балдыркөкті салу керек. Барлығын араластырып, 15 минут жай отта бұқтырамыз.

3.Сосын базилик пен томатты салып, тұз, бұрыш қосасыз. Артынша қызыл шарапты құйып, табаның қақпағын жабасыз да, 30 минуттай бұқтырылады. Сонда қою соус дайын болады.

4.Формаға салынған қамырды майлап, соусты құямыз, оның үстіне орташа көлемде туралған тауық етін, үккіштен өткізілген ірімшікті орналастырамыз. Содан соң басқа қоспаларды салып, ірімшіктің қалғанын ең бетіне себелеуге болады. Барлық дәмдеуіштерді салуды ұмытпаңыз.

5.Қыздырылған пеште пиццаны 20-25 бойы пісіреміз. Астарыңыз дәмді болсын.

Пиццаны дайындаған: Құрманкүл ӘТИ.

ERNUR.KZ