​Ыстық гамбургер пісіріп көрдіңіз бе?

0
2 834

Сіз білесіз бе, гамбургерді дайындаудың да ауа райына, мезгілге қарай өзгеретін тұстары болады екен?! Күз-қыс мезгілдерінің суық күндері ыстық гамбургер әзірлеу керек.


​Ыстық гамбургер пісіріп көрдіңіз бе?

фото: telegrafi.com

Қарқынды өмір салты қазіргі заман адамына асықпай отырып тамақтану түгілі, асықпай ас әзірлеуге мүмкіндік бермейді. Әсіресе, таңертең. Балаларды мектепке, университетке, күйеуді жұмысына тамақтандырып шығарып салу керек. Содан соң әрине, әйел де өз жұмысына асығады. Бүгінде үйінде жұмыссыз отырған әйел аз. Бұл заман талабы. Сондықтан да уақыттың тығыздығы, қат-қабат жұмыс таңертең тез дайындалатын тағам әзірлеуге мәжбүрлейді.

Таңғы асқа хот-дог, бутерброд, гамбургер дайындайтын әйел көп. Жылдам әрі оңай әзірленеді әрі балалар оны жақсы көреді.


Гамбургер – сэндвичтің бір түрі, құрамына екі бөлке нан және ортасына салынатын котлет кіреді. Котлетті жұмыртқамен, шұжықпен, ет жентегімен, көкөністермен алмастыруға болады. Гамбургер дәмін арттыру үшін кетчуп, майонез, балқытылған ірімшік қолданылады.


Бірақ білесіз бе, гамбургерді дайындаудың да ауа райына, мезгілге қарай өзгеретін тұстары болады. Күз-қыс мезгілдерінің суық күндері ыстық гамбургер әзірлеу керек.

фото: goormanclub.ru

Құрамы:

  • 2-3 дана шұжықша
  • 40-50 грамм ірімшік
  • 1 дана жұмыртқа
  • Батон наны
  • Тұз, бұрыш
  • Өсімдік майы.

Дайындалуы:

Ірімшіктің балқытылған түрін таңдаңыз. Шұжықшаны ірі үккіштен өткізіңіз. Балқытылған ірімшікті ұсақ бөліктерге тураңыз. Шұжықша мен ірімшікті араластырып, жұмыртқа қосыңыз. Тұз, бұрыш салып былғаңыз.

Табаны қыздырып май құйыңыз. Батон тіліктерінің үстіне салма салып, табада екі жағына аударып қуырыңыз. Ыстық гамбургер дайын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Тауық еті мен грек жаңғағы қосылған «жап-жаңа» салат (видео)ъ


Мандариннен жасалған ерекше әрі дәмді тосап