​Жазға жеңіл ас: Құлпынай салынған ЕРЕКШЕ тұшпара

0
321

Құлпынай денсаулыққа пайдалы жеміс-жидектердің бірі. Құрамы дәруменге бай құлпынайдан тұшпара дайындауды үйренейік.


​Жазға жеңіл ас: Құлпынай салынған ЕРЕКШЕ тұшпара

Тұшпараны әдетте тартылған еттен, картоп езбесінен дайындаймыз. Ал, жаздың аптап ыстығында мұндай тағам асқазанға ауырлық түсіріп, мазаны қашырады. Осыны ескере отырып, тұшпара тағамын ұнататындарға жеңіл асты ұсынып отырмыз.


Керектілер:

  • Салмаға: 400 гр. құлпынай
  • ½ стақан қант
  • 2 шай қасық жүгері крахмалы
  • Қамырға: 450 гр. ұн
  • 150 гр. айран (простокваша)
  • 2 дана жұмыртқа
  • 1 шай қасық қант
  • ½ шай қасық тұз.
  • Құймақ үшін: сары май мен қаймақ керек.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ұнды електен өткізіп, оған тұз қосасыз. Сосын айран мен жұмыртқаны, қантты араластырып, ұнмен араластырыңыз. Сөйтіп жақсылап қамыр илейсіз. Қамырды пакетпен орап, 30 минут қоя тұрыңыз.
  2. Құлпынайды жуып, кептіріп, жарамсыздарын алып тастайсыз. Құлпынайды ортасынан бөліп, дуршлагқа саласыз да, бетіне шекер сеуіп, 30 минут бойы тиіспеу керек. Осы уақыт аралығында құлпынайды 1-2 рет араластырып тұруды ұмытпаңыз. Сонда құплынайдың шырыны бөлінеді. Шырынын бір ыдысқа құйып алып, құлпынайдың бетіне крахмалды себесіз. Сөйтіп тағы да араластырып жібересіз.
  3. Кейіннен қамырды кішкене бөліктерге бөліп, жайыңыз. Жайылған қамырға құлпынай салмасын салып, тұшпараны түйіңіз. Манты қазанға түйілген тұшпараларды саласыз да, 20-30 минуттай буда пісіресіз. Дайын болған тұшпараларды сары маймен, құлпынай шырынымен және қаймақпен ұсынуға болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

"Головкиннің күшін беретін" әрі шөл қандыратын бидай көже

ОҢАЙ әрі АРЗАН: Балмұздақты үйде жасаудың тәсілдері

ҚАТТАМА нан ЖҰМСАҚ болу үшін ҚАМЫРЫН қалай ИЛЕУ керек?

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет