​Арықтау үшін шайды немен ішу керектігін білесіз бе?

0
5 499
Сіз шайды немен ішіп жүрсіз? Егер арықтауды қатты қалап жүрген болсаңыз, мына тәттілерді ас мәзіріне қосуды ұмытпаңыз.

​Арықтау үшін шайды немен ішу керектігін білесіз бе?

фото: www.othereal.net

Шай ішу кезінде де ағзаға біршама калориялар артығымен кетіп қалатыны белгілі. Демек, артық салмақтан арылуға бел шешіп кіріскен болсаңыз, шайдың мәзірін жасап алу да жоспарға кіргені жөн.

Ендеше, арықтағыңыз келсе, әдеттегі шаймен "жақсы кететін" тәттілерден бас тартып, оның орнын пайдалы азықтармен алмастыруға тырысып көріңіз.

фото:mydiscoveries.ru

Ең алдымен сіз жеп жүрген тәттілердің құрамына мән беріңіз. Мысалы, тортты алайық. Торттың құрамында пайдалы не бар? Онда пайдалы қоспаларға қарағанда зиянды майлар, бояулар, дәмдеуіштер көп. Торт секілді басқа да осындай қоспалармен дайындалатын тәттілер сіздің дене бітіміңізге жағымды әсер етуі қиын. Сол себепті де ыстық қою шаймен ағзамызға нәр беріп, көзімізге нұр сыйлайтын табиғи десерттерді қосып ішкен абзал.

фото: stroynaya-zhizn.ru


Бал – өте пайдалы десертке жатады

Құрамы дәрумендер мен минералды заттарға бай балда басқа да 70-тен астам пайдалы заттар бар екен. Барлық адамдарға күніне екі ас қасық бал жеуге болады. Бірақ та аллергиядан зардап шегетіндерге бұл пайдалы өнімді жеу ұсынылмайды.


Зефирді сүйікті тәттіңізге айналдырыңыз

Оны неден дайындайтынын білесіз бе? Иә, оның құрамында қант пен фруктоза бар. Бұдан бөлек, зефирдің бойында пектин бар екен. Пектин – табиғи жасұнық болып табылады. Ол зат алмасуды жақсартып, қандағы холестериннің артпауына септігін тигізеді. Дегенмен, зефирдің сапалы түрінде ғана мұндай пайдалы заттар бар. Ал, жасанды қоспалардан дайындалған зефир керісінше зиянды болуы мүмкін.


Мармелад жей аласыз ба?

фото: shakhtypravoslav.ru

Тәттілердің түр-түрі болғандықтан таңдау да әртүрлі болары сөзсіз. Мармеладты сүйіп жейтіндер де аз емес. Оның құрамында да пектин бар. Норвич институтының ғалымдары қатерлі ісік жасушаларының дамуына дәл осы пектин кедергі келтіретінін анықтаған. Сонымен қатар, диетолог мамандар шайға мармелад қосып ішкеннің пайдасы көп дегенді алға тартады.


Шоколадты сүйіп жейсіз бе?

Әлем бойынша миллиондаған әйелдерге шоколадтың ұнайтыны белгілі. Тіпті, кейбірі шоколадсыз шай іше алмауы да ғажап емес. Осындай нәзікжандыларға айтар жағымды жаңалығымыз бар. Олар күніне шоколадттың төрттен бір бөлігін жей алады. Себебі шоколадтың жүрек пен қан тамырларын нығайтатын қасиеті бар. Сондықтан да шоколадпен шай ішуді жалғастыра беруге болады.


Кептірілген жемістерді ұнатасыз ба?

Кейбір жандар кептірілген жемістермен шай ішкенді ұнатады. Бұл өте дұрыс таңдау. Мәселен, мына суреттен өзіңіз ұнатып жейтін кепкен жемістарді тауып ала аласыз:

фото: s1.1zoom.ru

Кептірілген өрік – жүрек қан тамырлар жүйесін нығайтып, ішек жұмыстарын жақсарту арқылы майларды ерітуге атсалысады. Құрамында минералдар мен көмірсулар молынан.


Мейіз – шайға керемет дәм беретін тәттілердің бірі

Оның пайдасы да ұшан-теңіз. Әсіресе, кальций мен фосфорға өте бай. Бүйрек жұмысын жақсартатын, анемия кезінде көмектесетін қасиеттері бар. Диета кезінде бүйректің жақсы жұмыс істегені дұрыс. Өйткені бүйрек арқылы ағзадағы артық сұйықтықтар шығады.

Қараөрік – жасұнық пен калийдің қайнар көзі. Ол шаршауды басып, теріге жағымды әсер етеді. Қара өрік ішектің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етіп, шоколадтың орнын баса алады.

фото: marketplace.canva.com


Попкорнның артық салмақтан арылуға көмектесетініне сенесіз бе?

Шынында да табиғи попкорн көмірсуларға бай болғандықтан да адамға энергия сыйлайды. Алайда бұл энергияны барынша шығаруға тырысу керек. Әйтпесе попкорннан алынған пайдалы заттар майға айналуы ғажап емес. Жалпы, попкорнды қолдан жасаған әлдеқайда пайдалы. Сонда бұл тәттіге май қоспайсыз, азырақ тұз салуға болады. Осылайша дайындалған попкорнмен рахаттана отырып шай ішіңіз.

Шаймен қай тәттіні қосып ішсеңіз де өз еркіңіз. Дегенмен, арықтағыңыз келсе оның мөлшерін қажеттіден асырмауға тиіссіз. Яғни, 100 грамын ғана пайдаланасыз. Тіпті, ең пайдалы деген өнімнің өзін осы көлемнен асырмаған дұрыс. Сонымен қатар, жоғарыда келтірілген шай қоспаларын кешкі сағат алтыдан кейін жеуге болмайтынын естеріңізге саламыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

113 кг салмақтан 58 келіге дейін арықтаған Назгүл неге салмақ қосып алды?

Жаттығуды сымбатыңызға қарай таңдаңыз!

Сүт өнімдері арықтауға көмектесе ме?

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет