Диетологтың осылайша салмақ қосуына бір ғана жағдай себеп болған.
113 кг салмақтан 58 келіге дейін арықтаған Назгүл Бисенбаева жайлы бұдан алдын да жазған болатынбыз. Бүгінде білгір диетологқа айналған Назгүл ханымның инстаграм парақшасындағы суреттері мен жазбаларынан оның өмірінде қандай да бір өзгерістің орын алып жатқанын аңғаруға болады. Көпті қызықтырған сұрақтың жауабын біздің де білгіміз келді. Әрине, Назгүл ханым көп күттірмей сауалдарымызға жауап берген болатын.
Назгүл Шотыбайқызының өмірінде ерекше жаңалық болғалы тұр. Оның аяғы ауыр екен. Алайда білікті диетолог осы жағдайға байланысты соңғы уақыттарда қайта салмақ қосып алғанын жасыра алмады. Мұны аңғарымпаз оқырмандары да байқамай қалған жоқ, Назгүлдің семіздікке бой алдырғанына таңырқап, бұл жағдайға түсуіне не себеп болғанын білгілері келген. Назгүл Шотыбайқызы өз оқырмандарына аяғының ауыр екенін айтып, қуанышымен бөлісіпті. Содан соң жүкті әйелдерге арналған кеңестері мен өз тамақтану жүйесін де ұсынған. Диетолог маман былай деп кеңес береді:
«Дайрекке аяғы ауыр кезде диета ұстауға бола ма? Зияндылығы тимей ме?" - деген сұрақтар көп қойылып жатыр. Жүкітілік - әйел адамның ең керемет кезі десек те болады. Өз басым үш балама аяғым ауырлаған кезде кем дегенде 20-30 кг артық салмақ қосатынмын. Соның 10 кг босанғаннан соң өзі кетеді де, қалғаны маған май болып жабысатын.- Аяғы ауыр келіншектерге диета ұстағанның еш зияны жоқ. Керісінше пайдасы өте көп. Дұрыс тамақтану - аштық емес, диета да емес.Тек тамақты дұрыстап пісіріп, мөлшермен жеу.
- Аяғы ауыр келіншектерге көп күтім керек. Күніне 2000-2200 ккал тамақтану өте маңызды.
- Ал, суды 2 литрден кем ішпеңіздер.
- Жүктілік кезінде майлы, қуырылған, зиянды тағамдарды көп тұтынатын болсаңыз, әрине артық салмақ та көп қосасыз.
- Екіқабат кезеңінде дене-бітіміңіздің өзгергенін қаламасаңыз, таза ауада серуендеп, жаяу жүруге көңіл бөліңіз.
- Жасұныққа бай тағамдарды ас мәзіріне қосып, жеміс-жидектер дастарханнан үзілмеуі керек.
Қазір мен жүктіліктің 8-ші аптасындамын. Салмағым - 66 кг. Енді босанғанға дейін 75 келіден аспауға тырысамын. Бұрынғыдай дұрыс тамақтануды жалғастырудамын. Арасында құмарлықпен жеп қоятыным бар әрине. Кішкене еркелеп жүрмін. Алла қаласа босанғаннан кейін қайта қалпыма келіп, әдемі көйлектерімді киемін деген үміттемін. Бұрын маған шақ келетін размер табылмайтын еді. Үшінші қызымда 113 кг-ға дейін жеткенім есімнен кетпейді. Мүлде киім сыймайтын. Размерімді таба алмай қатты қиналатынмын. Енді Алла қаласа ондайға жол бермеймін», - дейді диетолог.
Әрине, жүктілік әйел затына берілген маңызды кезеңдердің бірі. Табиғаттың берген әдемі тартуына ешбір зиян тигізбей, дені сау ұрпақты дүниеге әкелу аналардың парызы. Сондықтан да дұрыс тамақтануды аяғыңыз ауырлаған кезде де жалғастырар болсаңыз, артық маймен алыспайсыз. Босанғаннан кейін бәрі де тез арада өз қалпына келеді. Жоғарыда айтып өткен диетолог кеңестеріне құлақ түре жүріңіз.
Құрманкүл Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыздар: 113-тен 58 келіге дейін салмақ тастаған қазақ келіншегінің кеңесі
Сүт өнімдері арықтауға көмектесе ме?
Жаттығуды сымбатыңызға қарай таңдаңыз!