​Ет жемесеңіз ағзаңызда қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?

0
4 050

Салмақ қосып алуыңыз мүмкін.


​Ет жемесеңіз ағзаңызда қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?

Вегетариандар ет жеу ағзаға зиян десе, енді біреулер ет жемеу зиян деп жатады. Дегенмен жыл өткен сайын әлемде вегетариандардың саны артып келе жатыр деген болжам бар.

Ет жемейтін адамның ағзасында қандай өзгерістер орын алады? Егер ет болмаса бұрынғыдай белсенді қимылдап, бұлшықеттеріңіздің тонусы жоғары бола ма? Дәл осындай сұрақтарға жауап іздеп, бүгінгі тақырыпты ашуға тырысамыз. Сіздің де ойыңызды осындай сұрақтар мазалап жүрген болса, төмендегі кеңестерді оқып шығыңыз.


Ет жемеудің пайдасы қандай?

  • Өсімдіктер ағзаны ет сияқты «былғамайды», керісінше кейбірі ағзаны тазалайды;
  • Қандағы холестерин мөлшері айтарлықтай төмендейді;
  • Ағзаға еттің тез бұзылмауы үшін қосылатын зиянды консерванттар азырақ түседі;
  • Етті азайтсаңыз, несеп-тас ауруына, асқазан-ішек қатерлі ісігіне шалдығу қаупі азаяды;
  • Тамақтану рационынан етті алып тастаған адамның сырт келбеті ажарланып, тері саулығы артып, көңіл-күйі де көтеріңкі болады.


Ет жемеудің зиянды әсерлері

Еттен түбегейлі бас тарту соншалықты пайдалы деп айта алмаймыз. Себебі еттің құрамында адам өміріне қажетті барлық аминқышқылдар, дәрумендер мен минералды заттар бар.


Ендеше ет жемесеңіз не болатынын біліп алыңыз:


  • Салмақ қосып алуыңыз мүмкін. Ет жемейтіндердің барлығы бірдей арықтай бермейді. Кейбіреулер үнемі қарынның ашуынан басқа тағамдарды көбірек жеп қояды, соның салдарынан семіріп кетеді;

  • Асқазан ауырады – тамақтану рационыңызды өзгерткеннен кейін ішіңіз қатып, ішек жұмыстары бұзылуы ғажап емес. Басқа да жағымсыз әсерлері болуы әбден мүмкін.

  • Өсімдіктерден жасалған тағамдардан аминқышқылдарын, темір мен басқа да пайдалы минералды заттарды таба алмайсыз. Мұндай заттардың жетіспеуі иммундық жүйе жұмысының нашарлауына, жүрек-қан тамыр жүйесінің бұзылуына, көздің көруі нашарлауына, сондай-ақ, ми жұмысына айтарлықтай кері әсер етеді. Сонымен қатар, ет жемеген адам әлсіз әрі тез шаршаңқы келеді.

  • Сондықтан да етпен бірден қоштасуға немесе еттен бірден бас тартуға болмайды. Ең алдымен ет жемеудің оң және теріс әсерлерін біліп алған жөн.


Вегетариндар мен ет жейтін жандарға бәрінен бұрын керегі тек тамақтану ғана емес. Сонымен қоса физикалық белсенділік те маңызды рөл ойнайды. Жаттығулар арқылы бұлшықеттердің тонусы көтеріліп, сүйек тіндеріне дейін нәрленуіне көмектеседі. Бұдан бөлек бүкіл ағзада қанайналым жақсы жүріп, жүйке жүйесінің жұмысы жақсарады.
Спортпен шұғылдануды кез келген жаста бастауға болады. Ал, спортпен тыңғылықты айналысу көптеген аурулардың алдын алып, тіпті, түрлі аурулардың жазылуына себеп болуы мүмкін.


Ет жемеудің соңы мынадай жағдайларға апаруы мүмкін:

  1. Шамамен алты айдан соң шаш түсу, терінің құрғауы, тырнақтың сынғыштығы байқалады.
  2. Қаназдықтың да белгілері білініп, әлсіздік, тез шаршау сіз үшін қалыпты жағдайға айналады.
  3. Дәрігерлер толықтай еттен бас тартуға қарсы. Бірақ та етті шектеп жеуге рұқсат береді. Кейбір зерттеулерде аптасына бір-екі рет қана ет қосып тамақтану инсульт, инфаркт, онкологиялық ауруларға шалдығудың алдын алады екен.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


40+: ЦЕЛЛЮЛИТТЕН құтылудың МЫҚТЫ ТӨРТ ӘДІСІ бар


Газды су ФИГУРАНЫ бұзатынын білесіз бе?